"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Нормативтік қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
04.12.2018
Өзгерту күні
29.11.2018
Актіні қабылдаған орган
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 16203 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау нәтижелері (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бөлінісіндегі бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақтап қорытылған ақпарат)

жарты-жылдықта бір рет

25 қыркүйекке, 25 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше

  ";

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштері

тоқсан сайын

Қазақстан Республика-сының Президенті Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше

  ".

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрайымы Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      ________________

      2018 жылғы "____" ___________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.