Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
21.12.2018
Өзгерту күні
11.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тексеру тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тексеру парағы;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жер қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 784 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12785 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________________ Ө. Шөкеев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
1- қосымша

Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Осы Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы қағидаларына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері - жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті органдар, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады;

      2) болмашы бұзушылықтар – тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің, арнайы жер қорының бар-жоғы туралы ақпарат беру туралы талаптарды сақтамаудан, аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау мерзімдерін бұзудан, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау мерзімін бұзудан көрініс тапқан жер заңнамасының талаптарын бұзу;

      3) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскелеріне құқық беру немесе беруден бас тарту туралы шешімдерді қабылдауының, жерге орналастыру жобасын қараудың және бекітудің, сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасудың, жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты орналастырудың, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізудің белгіленген мерзімдерін сақтамаудан, сондай-ақ, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларының және ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібінің талаптарын сақтамаудан көрініс тапқан жер заңнамасының талаптарын бұзу;

      4) жер қатынастары субъектісінің тәуекелі - жер ресурстарына зиян келтіру, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының бұзылу ықтималдығы;

      5) өрескел бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүддесіне әсер ететін, жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, бас тарту, өзгерту туралы шешімдер қабылдау тәртібінен көрініс тапқан жер заңнамасы талаптарын бұзу;

      6) тәуелдер дәрежесін бағалау – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті және субъективті өлшемшарттары арқылы жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша екі тәуекел тобына бөлінген:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстардың, аудандардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттер мен қала маңы ауылдық округтерінің әкімдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың жер қатынастары бөлімдері және көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар - ауыл және ауылдық округтердің әкімдері.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.

      7. Субъективті өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:

      1) алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді;

      2) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және олардың саны.

      8. 7-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға 1, 2-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілері мынаған жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ді қоса алғанға дейін болғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7,

      мұнда:

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

РН = (Р2 х 100/Р1) х 0,3,

      мұнда:

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

Р = Р3 + РН,

      мұнда:

Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің (объектілерінің) басымдылықтары ескеріле отырып жасалады.

  Жергілікті атқарушы органдар
қабылдаған шешiмдердiң
заңдылығы үшін жер құқығы
қатынастары саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Жергілікті атқарушы органдар

1

Бас жоспарларға, құрылыс салу мен жоспарлау жобаларына және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту

өрескел

2

Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін берудің аукциондық және конкурстық тәсілдері қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікте тұрған және сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру

өрескел

3

Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау
(жерге орналастыру жобасын жасау, келісу, жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдерін қоспағанда, екі ай)

елеулі

4

Жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау

өрескел

5

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін сақтау (жеті жұмыс күні)

елеулі

6

Жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін сақтау (тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келiп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күніне дейiн)

елеулі

7

Жеке меншікте бола алатын жер учаскелеріне ғана жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

өрескел

8

Ерекше жағдайларда ғана жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдау
(Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелер;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
пайдалы қазбалар кен орындарының табылуы және оларды қазу;
автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистральдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);
жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру;
елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;
елдi мекендердiң бас жоспарларын осы бапта белгiленген ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу)

өрескел

9

Жер учаскелерін нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы, сондай-ақ қайталап тегін беру туралы шешім қабылдау
(ауылдық жерлерде (үй маңындағы және танаптық телiмдердi қоса алғанда) 0,25 гектар суарылмайтын жерде және 0,15 гектар суармалы жерде жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн;
бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар)

өрескел

10

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын аталған мақсаттарға сәйкес бес жылдан аспайтын мерзімге беру туралы шешім қабылдау
(шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер үлесі түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдардың, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысы кезеңіне, тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғимараттарды (үй-жайларды) және құрылысжайларды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат құрылысжайларының объектiлерi үшiн)

өрескел

11

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

өрескел

12

Өз құзыреті шегінде жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдау

өрескел

13

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдаудың негіздемесі

өрескел

14

Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке беру мерзімін сақтау (он бес жұмыс күні)

елеулі

15

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтау (бір ай)

елеулі

16

Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін сақтау (жеті жұмыс күні)

елеулі

17

Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің арнайы жер қорының болуы туралы ақпарат беру

болмашы

18

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын сақтау:
1) жергілікті өкілді орган бекіткен тізбеге сәйкес нақты жер учаскелерін және жер учаскесін жалдау құқығын анықтау;
2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткізу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезінде сауда-саттықты өткізу әдісін анықтау;
3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесінің және жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы және ең төменгі бағасын, кепілдік жарналардың мөлшерін бекіту

елеулі

19

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру

елеулі

20

Жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпаратты орналастыру мерзімдерін сақтау (кемінде тоқсанына бір рет)

елеулі

21

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу мерзімдерін сақтау (жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей)

елеулі

22

Егер өтініш беруші жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойғандардың тізілімінде тұрса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса жер учаскесінің тұрған жері бойынша уәкілетті органдардың өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту жөнінде беретін жауабының мерзімін сақтауы (өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні)

елеулі

23

Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау мерзімін сақтау (өтініш келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні)

болмашы

24

Уәкілетті органның аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды (объект құрылысы үшін жер учаскесі сұратылған кезде) ұсыну мүмкіндігі туралы ұсыныстарды комиссияға тапсырған сәттен бастап комиссия қорытындысын беру мерзімін сақтау (бес жұмыс күні)

елеулі

25

Өтініш берушінің жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін комиссияның оң қорытындысының бір данасын оған беру мерзімін сақтау (бес жұмыс күні)

елеулі

26

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмағанда қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімін сақтауы
(жеті жұмыс күні)

болмашы

27

Келісу органдарының мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімін сақтау
(он екі жұмыс күні)

елеулі

28

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделген жер учаскесіне құқық беруден бас тарту мерзімін сақтау
(үш жұмыс күні)

елеулі

29

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскеннен кейін жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімдерін сақтауы
(бес жұмыс күні)

елеулі

30

Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін уәкілетті органға шешімнің көшірмесін, жер-кадастрлық жоспарды және инженерлік желілер мен құрылыстарға қосылуға қойылатын техникалық талаптарды жолдау мерзімін сақтау
(бір жұмыс күні)

елеулі

31

Жер учаскесін таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні кейіннен қарау және қорытынды дайындау үшін комиссияға жібере отырып, ресімдеу мерзімдерін сақтау (он жұмыс күні)

елеулі

32

Жер учаскесіне құқық беру не беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге табыстау мерзімін сақтау (шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні)

елеулі

33

Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін сақтау (он жұмыс күні)

елеулі

  Жергілікті атқарушы органдар
қабылдаған шешiмдердiң
заңдылығы үшін жер құқығы
қатынастары саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдардың болуы" ақпарат көзі бойынша

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бір немесе одан көп шағымның болуы, оны қарау бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзған жағдайда жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартады

елеулі

2.

Бір немесе одан көп шағымның болуы, оны қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою жөнінде нұсқама береді

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
2- қосымша

Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Осы Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы қағидаларына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері - иелігінде ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, жер ресурстарының жай-күйіне ықпал етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) болмашы бұзушылықтар - жер учаскелерінің меншік иелері немесе (және) жер пайдаланушылардың жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтамауына байланысты туындаған жер құқығы қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар - жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе (және) жер пайдаланушылардың жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды орындамауына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбауына байланысты туындаған, жер құқығы қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар;

      4) жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін субъектілердің тәуекелі - жер ресурстарына зиян келтіру, оның ауыртпалық дәрежесінің салдарларын ескере отырып, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының бұзылу ықтималдығы;

      5) өрескел бұзушылықтар - жер учаскелерінің меншік иелері немесе (және) жер пайдаланушылардың жерге мемлекеттің мүдделерін сақтамауына, жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына және оны одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындамауына байланысты туындаған, жер құқығы қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау –бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау ұйымдастыру мен жүргізу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау тәуекел дәрежесін бағалау бойынша объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.

      4. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежелерін айқындау ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне қарай, ал жер қойнауын пайдаланушылардың - келісімшарттың мерзімі мен жер көлеміне байланысты жүзеге асырылады.

      5. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған болып екі топқа бөлінеді:

      1) жоғары тәуекел тобына жатқызылғандар:

      3000 гектардан астам тәлімі егістік;

      50 гектардан астам суармалы егістік;

      200 гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары (егістіктерден басқа) бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер;

      келісімшарт мерзімі он жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдалану үшін 5 гектардан астам алаңы бар жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) осы Өлшемшарттардың 5-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сай келмеген адамдар жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға жатады және оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      6. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.

      8. Субъективті өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:

      1) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеріс парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;

      2) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны.

      9. 8-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілері мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ді қоса алғанға дейін болғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Бір өрескел бұзушылық айқындалған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7,

      мұнда:

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

РН = (Р2 х 100/Р1) х 0,3,

      мұнда:

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

Р = Р3 + РН,

      мұнда:

Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің (объектілерінің) басымдылықтары ескеріле отырып жүргізіледі.

  Жер құқығы қатынастары
субъектілері жерлерінің
пайдаланылуы мен қорғалуы
үшін тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

1.

Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы

өрескел

2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану

өрескел

3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау

өрескел

4.

Жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу:
1) жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерді рекультивациялау, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту;
4) жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану

елеулі

5.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды жүргізу:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізу;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөнінде іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларын орындау;
4) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақыл бойынша орташа аудандық көрсеткіштен сексен бес пайыздан астам ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігі деңгейін үш жыл қатарынан алуы;
5) бекітілген жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау

елеулі

6.

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау

Жер қойнауын пайдаланушылар

1.

Жер учаскелерінің нақты шекараларын белгілеу және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы

өрескел

2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану

өрескел

3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару немесе одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындамау

өрескел

4.

Жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу:
1) жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерді рекультивациялауға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту;
4) жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану

елеулі

5.

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау

болмашы

  Жер құқығы қатынастары
субъектілері жерлерінің
пайдаланылуы мен қорғалуы
үшін тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдардың болуы" ақпарат көзі бойынша

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бір немесе одан да көп шағымдардың болуы, оларды қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзылған жағдайда бақылау субъектісін әкімшілік жауапқа тартады

елеулі

2.

Бір немесе оданда көп шағымдардың болуы, оларды қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін әкімшілік жауапқа тартпай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқама береді

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
3- қосымша

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Осы Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы қағидаларына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері - геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) елеулі бұзушылықтар - геодезия және картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның штатта болмауынан көрініс тапқан геодезия және картография саласындағы заңнама талаптарын бұзу;

      3) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектісінің тәуекелі - мемлекеттік шекара, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекара сызықтарын белгілеуді өзгерту, сондай-ақ салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, географиялық объектілер атауларын өзгерту нәтижесінде мемлекетке зиян келтіруі мүмкін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде деректер мен мәліметтердің бұрмалануы;

      4) өрескел бұзушылықтар - геодезия және картография саласындағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың басталғаны туралы хабарламаның, геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар жиынтығының, жабдықтар және құрал-саймандардың, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттың болмауынан, сондай-ақ, геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) үшін рұқсаттың болмауынан көрініс тапқан геодезия және картография саласындағы заңнама талаптарын бұзу;

      5) тәуелдер дәрежесін бағалау – бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау ұйымдастыру мен жүргізу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Объективті критерийлер бойынша бақылау субъектілері жасалатын және өткізілетін геодезиялық-картографиялық өнім мен мәліметтердің түріне қарай екі топқа бөлінген:

      1) жоғары тәуекел тобына топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді, геодезиялық және картографиялық өнімнің дерекқорын жасауды, беруді, есепке алуды, сақтауды бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінде жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылған;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа мемлекеттік координаттар жүйесінде топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді, геодезия мен картографиялық өнімнің дерекқорын жасауды, беруді, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырмайтын және мәліметтер мен деректерді "Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына міндетті тапсыруды үнемі орындайтын бақылау субъектілері жатқызылған.

      4. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.

      6. Субъективті өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:

      1) алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеріс парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      7. 6-тармақта айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға 1, 2-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      8. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілері мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ді қоса алғанға дейін болғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда, бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7,

      мұнда:

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

РН = (Р2 х 100/Р1) х 0,3,

      мұнда:

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

Р = Р3 + РН,

      мұнда:

Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің (объектілерінің) басымдылықтары ескеріле отырып жасалады.

  Геодезиялық және
картографиялық қызмет
субъектілерінің қызметі үшін
геодезия және картография
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1- қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері

1.

Геодезия және картография саласындағы геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізудің басталуы туралы хабарламаның болуы

өрескел

2.

Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не болмаса зауыттық нөмірлері көрсетіле отырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы

өрескел

3.

Штатта геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы

елеулі

4.

Аэротүсірілім жұмыстары, орындалған жағдайда, оларға рұқсаттың болуы

өрескел

5.

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) арналған рұқсаттың болуы

өрескел

  Геодезиялық және
картографиялық қызмет
субъектілерінің қызметі үшін
геодезия және картография
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2- қосымша

Субъективті тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

"Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдардың болуы" ақпарат көзі бойынша

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бір немесе одан көп шағымның болуы, оны қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзылған жағдайда бақылау субъектісін әкімшілік жауапқа тартады

елеулі

2.

Бір немесе одан көп шағымның болуы, оны қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою туралы нұсқама береді

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
4- қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Осы Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы қағидаларына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) мен оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастры мен жердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары;

      2) болмашы бұзушылықтар – жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу кезінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу;

      3) елеулі бұзушылықтар - жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру тәртібін сақтамаудан көрініс тапқан мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу саласындағы талаптарды бұзу, жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу тәртібін бұзу, жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру рәсімін бұзу, жер кадастрын жүргізумен байланысты қызмет тәртібін бұзу, мемлекеттік жер кадастрының анық емес мәліметтерін беру, жер мониторингін жүргізу тәртібін бұзу;

      4) мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тәуекелі – мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу кезінде оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүддделеріне зиян келтірудің ықтималдығы;

      5) өрескел бұзушылықтар – жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу жөніндегі талаптарды сақтамаудан көрініс тапқан мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу, мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды бұзу, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді бұзу, жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді бұзу, жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау, жер учаскелерін кадастрлық бағалау, елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау, жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жердің кадастрлық бағалауының есептерін әзірлеу әдістемесін бұзу, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын, жер-кадастрлық жоспарды дайындау және беру тәртібін бұзу;

      6) тәуелдер дәрежесін бағалау – бақылау органының бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау тәуекел дәрежесін бағалау бойынша объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша екі тәуекел тобына бөлінген:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі –мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын Қоғамның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі.

      5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.

      7. Субъективті өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:

      1) алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      8. 7-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде Осы Өлшемшартқа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілері мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ді қоса алғанға дейін болғанда және оған қатысты субъектіге (объектіге) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болғанда және оған қатысты субъектіге (объектіге) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Бір өрескел бұзушылық айқындалған жағдайда бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7,

      мұнда:

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

РН = (Р2 х 100/Р1) х 0,3,

      мұнда:

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

Р = Р3 + РН,

      мұнда:

Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің (объектілерінің) басымдылықтары ескеріле отырып жасалады.

  Мемлекеттік жер кадастрын
және жерлердің мониторингін
жүргізу бойынша субъектілердің
қызметі үшін мемлекеттік жер
кадастры мен жерлердің
мониторингі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді
жүзеге асыратын субъектілер

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

елеулі

2.

Жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу

өрескел

3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу

өрескел

4.

Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу

елеулі

5.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу

өрескел

6.

Жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу

өрескел

7.

Жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу

болмашы

8.

Жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жердің бағалауы; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтау

өрескел

9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру

өрескел

10.

Жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау

өрескел

11.

Жер учаскелерінің паспорттарын дайындау

елеулі

12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

елеулі

13.

Мемлекеттік жер кадастрының анық мәліметтерін беру

елеулі

14.

Жер кадастры мәліметтерін беру мерзімін сақтау
(үш жұмыс күні)

елеулі

15.

Жердің мониторингін жүргізу

елеулі

  Мемлекеттік жер кадастрын
және жерлердің мониторингін
жүргізу бойынша субъектілердің
қызметі үшін мемлекеттік жер
кадастры мен жерлердің
мониторингі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына 2-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған арыздардың болуы" ақпарат көзі бойынша

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Бір немесе одан көп шағымның болуы, оны қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзылған жағдайда бақылау субъектісін әкімшілік жауапқа тартады

елеулі

2.

Бір немесе одан көп шағымның болуы, оны қарау бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою туралы нұсқама береді

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
5- қосымша

Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі, (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Бас жоспарларға, құрылыс салу мен жоспарлау жобаларына және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту

2

Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін берудің аукциондық және конкурстық тәсілдері қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікте тұрған және сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру

3

Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау
(жерге орналастыру жобасын жасау, келісу, жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу мерзімдерін қоспағанда, екі ай)

4

Жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау

5

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін сақтау (7 жұмыс күні)

6

Жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін сақтау (тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күніне дейiн)

7

Жеке меншікте бола алатын жер учаскелеріне ғана жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

8

Ерекше жағдайларда ғана жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдау
(Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелер;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
пайдалы қазбалар кен орындарының табылуы және оларды қазу;
автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистральдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);
жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру;
елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;
елдi мекендердiң бас жоспарларын осы бапта белгiленген ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу)

9

Жер учаскелерін нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы, сондай-ақ қайталап тегін беру туралы шешім қабылдау (ауылдық жерлерде (үй маңындағы және танаптық телiмдердi қоса алғанда) 0,25 гектар суарылмайтын жерде және 0,15 гектар суармалы жерде жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн;
бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар)

10

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын аталған мақсаттарға сәйкес бес жылдан аспайтын мерзімге беру туралы шешім қабылдау
(шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер үлесі түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдардың, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысы кезеңіне, тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғимараттарды (үй-жайларды) және құрылысжайларды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат құрылысжайларының объектiлерi үшiн)

11

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

12

Өз құзыреті шегінде жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдау

13

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдаудың негіздемесі

14

Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке беру мерзімін сақтау (он бес жұмыс күні)

15

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтау (бір ай)

16

Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін сақтау
(жеті жұмыс күні)

17

Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің арнайы жер қорының болуы туралы ақпарат беру

18

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын сақтау:
1) жергілікті өкілді орган бекіткен тізбеге сәйкес нақты жер учаскелерін және жер учаскесін жалдау құқығын анықтау;
2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткізу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезінде сауда-саттықты өткізу әдісін анықтау;
3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесінің және жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы және ең төменгі бағасын, кепілдік жарналардың мөлшерін бекіту

19

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру

20

Жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпаратты орналастыру мерзімдерін сақтау (кемінде тоқсанына бір рет)

21

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу мерзімдерін сақтау (жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей)

22

Егер өтініш беруші жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойғандардың тізілімінде тұрса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса жер учаскесінің тұрған жері бойынша уәкілетті органдардың өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту жөнінде беретін жауабының мерзімін сақтауы
(өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні)

23

Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау мерзімін сақтау
(өтініш келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні)

24

Уәкілетті органның аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды (объект құрылысы үшін жер учаскесі сұратылған кезде) ұсыну мүмкіндігі туралы ұсыныстарды комиссияға тапсырған сәттен бастап комиссия қорытындысын беру мерзімін сақтау
(бес жұмыс күні)

25

Өтініш берушінің жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін комиссияның оң қорытындысының бір данасын оған беру мерзімін сақтау (бес жұмыс күні)

26

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмағанда қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімін сақтауы
(жеті жұмыс күні)

27

Келісу органдарының мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімін сақтау
(он екі жұмыс күні)

28

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделген жер учаскесіне құқық беруден бас тарту мерзімін сақтау
(үш жұмыс күні)

29

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскеннен кейін жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімдерін сақтауы
(бес жұмыс күні)

30

Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін уәкілетті органға шешімнің көшірмесін, жер-кадастрлық жоспарды және инженерлік желілер мен құрылыстарға қосылуға қойылатын техникалық талаптарды жолдау мерзімін сақтау
(бір жұмыс күні)

31

Жер учаскесін таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні кейіннен қарау және қорытынды дайындау үшін комиссияға жібере отырып, жер учаскесін таңдау туралы актінің ресімдеу мерзімдерін сақтау (он жұмыс күні)

32

Жер учаскесіне құқық беру не беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге табыстау мерзімін сақтау (шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні)

33

Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін сақтау
(он жұмыс күні)

      Лауазымды адам (дар):___________________      ________________

      лауазымы)                  (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісі ______________________ ___________________

      (лауазымы)                  (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
6- қосымша

Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі, (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы

2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану

3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау

4.

Жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу:
1) жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерді рекультивациялау, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту;
4) жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану

5.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды жүргізу:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізу;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөнінде іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларын орындау;
4) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақыл бойынша орташа аудандық көрсеткіштен сексен бес пайыздан астам ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігі деңгейін үш жыл қатарынан алуы;
5) бекітілген жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау

6.

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау

      Лауазымды адам (дар):___________________      ________________

      лауазымы)                  (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісі ______________________ ___________________

      (лауазымы)                  (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
7- қосымша

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі, (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талапқа сәйкес келеді

Талапқа
сәйкес
келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Геодезия және картография саласындағы геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізудің басталуы туралы хабарламаның болуы

2.

Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не болмаса зауыттық нөмірлерін көрсете отырып салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы

3.

Штатта геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы

4.

Аэротүсірілім жұмыстары орындалған жағдайда, оларға рұқсаттың болуы

5.

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) арналған рұқсаттың болуы

      Лауазымды адам (дар):___________________      ________________

      лауазымы)                  (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісі ______________________ ___________________

      (лауазымы)                  (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
8- қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі, (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_____________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талапқа сәйкес келеді

Талапқа сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

2

Жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу

3

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу

4

Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу

5

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу

6

Жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу

7

Жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу

8

Жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жердің бағалауы; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтау

9

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру

Жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау

10

Жер учаскелерінің паспорттарын дайындау

11

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

12

Мемлекеттік жер кадастрының анық мәліметтерін беру

13

Жер кадастры мәліметтерін беру мерзімін сақтау
(үш жұмыс күні)

14

Жердің мониторингін жүргізу

15

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

      Лауазымды адам (дар):___________________      ________________

      лауазымы)                  (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісі ______________________ ___________________

      (лауазымы)                  (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.