Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
26.12.2018
Өзгерту күні
26.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (ҚР Үкіметінің 14.08.2014 ж. N 933 қаулысымен құрылды)

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-58) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г. М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 15 бұйрығымен бекітілді

Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мәнінде қолданылады.

      3. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды ведомство ерікті негізде сауалнама жүргізу түрінде өткізеді.

      4. Респонденттерге сауал салуды ведомство осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

      Пайдаланушыларға сауал салуды ведомство осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

2-тарау. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібі

      5. Респонденттерге сауал салу тиісті жылға ведомство бекітетін Статистикалық жұмыстар жоспарына (бұдан әрі – Статистикалық жұмыстар жоспары) сәйкес ведомствоға және оның аумақтық органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынатын респонденттер арасында өткізіледі.

      6. Пайданушыларға сауал салу Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемдерде, жыл сайын бекітілетін Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылатын ресми статистикалық ақпараттың пайдаланушылары арасында өткізіледі.

      7. Сауал салуға жататын респонденттер мен пайдаланушылардың тобын әр өңірден біркелкі кездейсоқ іріктемелі әдіспен ведомствоның тиісті құрылымдық бөлімшесі айқындайды.

      8. Белсенді жұмыс істейтін заңды тұлғалардың кемінде 1%-ын құра отырып, бас жиынтықтың параметрлерінен және республика бойынша деректердің репрезентативтілігінен іріктеменің көлемі есептеледі.

      9. Респонденттердің іріктемесі шағын, орта және ірі кәсіпорын өкілдерімен әр топта кем дегенде 10%-ы қамтамасыз етіледі.

      10. Пайдаланушылардың іріктемесі пайдаланушылардың әр түрлі топтарының (мемлекеттік органдар, бизнес, оқу орындары және басқалары) өкілдерімен әр топта кем дегенде 10%-ы қамтамасыз етіледі.

      11. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салудың жүргізілуі туралы жыл сайын 1 маусымнан кешіктермей:

      1) электрондық пошта;

      2) ведомствоның ресми интернет-ресурсы;

      3) телефонмен хабарландыру;

      4) аумақтық статистика органдарының қызметкерлерімен және (немесе) интервьюермен жеке байланыс арқылы хабарланады.

      12. Хабарлау кезінде сауал салудың тақырыбы және мақсаты көрсетіледі.

      13. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу бойынша сауалнамалар мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) байланыс арналары арқылы электрондық түрде;

      2) телефон арқылы сауал салуды жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

      3) қағаз жеткізгіштерде қолма-қол;

      4) интервьюердің жеке сауал салуды жүргізуі арқылы ұсынылады.

      14. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу нәтижелерін ведомствоның басшысына тиісті құрылымдық бөлімшесімен есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.

      15. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу нәтижелері бойынша ведомствоның жұмысын жақсартатын ұсыныстар жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандарын актуалдандыру, Статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыру кезіңде ескеріледі.

  Уәкілетті органның қызметіне
қанағаттанушылық деңгейін
мониторингілеу мақсатында
респонденттер мен
пайдаланушыларға
сауал салуды жүргізу
қағидаларына
1- қосымша
  форма
  нысан




Респонденттерге сауал салу (сауалнама)

Опрос респондентов (анкета)

Кұрметті респондент! Сізден осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Уважаемый респондент! Просим Вас заполнить данную анкету. Полученные сведения будут использованы для улучшения работы органов статистики.


Аумақтық статистика органына тапсырылады
Представляется территориальному органу статистики


Жылына бір рет
Один раз в год


Статистикалық нысандарды тапсыратын заңды және жеке тұлғалар тапсырады
Представляют юридические и физические лица, представляющие статистические формы

Тапсыру мерзімі 10 қыркүйекке дейін
Срок представления до 10 сентября

1.

Кәсіпорынның нақты мекен-жайын көрсетіңіз
Укажите, пожалуйста, фактический адрес предприятий

Тізімнен таңдау
Выбрать из списка


2.

Статистикалық нысандарды қандай түрде тапсырасыз?
В каком виде Вы сдаете статистические формы?

Электрондық
В электронном


№ 4 сұраққа көшу
Переход к вопросу № 4

Қағаз
В бумажном



3.

Статистикалық нысандарды электрондық түрде тапсырмауыңыздың себебін көрсетіңіз?
Укажите причину, по которой Вы не сдаете статистические формы в электронном виде?

Ресурстардың (техниканың, мамандардың, интернет желісімен қамту аймағының және т.б.) шектеулігі
Ограниченность ресурсов (техники, специалистов, зоны покрытия сети интернет и т.д.)



Техникалық себептер (байланыс сапасы, есептілікті электрондық тапсыру жүйесіндегі істен шығулары және т.б.)
Технические причины (качество связи, сбои в системе электронной сдачи отчетности и т.д.)



Қағаз түрінде тапсыруды қалаймын
Предпочитаю сдавать в бумажном виде



4.

Қандай статистикалық нысандарды толтыру ең қиын?
Укажите, какие статистические формы наиболее трудно заполнять?

Тізімнен таңдау
Выбрать из списка


5.

Сіз берген деректердің құпиялылығы жеткілікті қамтамасыз етілген бе?
Достаточно ли обеспечена конфиденциальность Ваших данных?

Иә
Да



Жоқ
Нет



6.

Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының "Респонденттерге" айдарын пайдаланасыз ба?
Пользуетесь ли Вы рубрикой "Для респондентов" Интернет-ресурса Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан?

Иә
Да



Жоқ
Нет


№ 9 сұраққа көшу
Переход к вопросу № 9

7.

Сізге қажетті ақпарат "Респонденттерге" айдарында бар ма?
Имеется ли в рубрике "Для респондентов" необходимая для Вас информация?

Иә
Да


№ 9 сұраққа көшу
Переход к вопросу № 9

Жоқ
Нет



8.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының "Респонденттерге" айдарына нені қосу қажет деп санайтыныңызды хабарлаңызшы
Пожалуйста, сообщите, что считаете необходимо включить в рубрику "Для респондентов" Интернет-ресурса Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан




9.

Сіз статистика органдарына кеңес алуға жүгінесіз бе?
Обращаетесь ли Вы за консультацией в органы статистики?

Иә
Да



Жоқ
Нет


№ 11 сұраққа көшу
Переход к вопросу № 11

10.

Статистика органдарына кеңес алу үшін қандай сұрақпен жиі жүгінетіңізді хабарлаңызшы
Пожалуйста, сообщите, с каким вопросом Вы чаще всего обращаетесь в органы статистики за консультацией

Статистикалық нысандарды толтыру бойынша консультация
Консультация по заполнению статистических форм



Сайт бойынша навигация
Навигация по сайту



Техникалық сұрақтар бойынша
По техническим вопросам



11.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің жұмысын жақсарту үшін не істеу қажет деп санайтыныңызды хабарлаңызшы
Пожалуйста, сообщите, что считаете нужным сделать для улучшения работы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан



сауал салудың соңы
конец опроса

Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз! Благодарим за сотрудничество!

  Уәкілетті органның қызметіне
қанағаттанушылық деңгейін
мониторингілеу мақсатында
респонденттер мен
пайдаланушыларға
сауал салуды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  форма
  нысан




Пайдаланушыларға сауал салу (сауалнама)

Опрос пользователей (анкета)

Кұрметті ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушы! Сізден осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Уважаемый пользователь официальной статистической информации! Просим Вас заполнить данную анкету. Полученные сведения будут использованы для улучшения работы органов статистики.

Аумақтық статистика органына тапсырылады
Представляется территориальному органу статистики

Жылына бір рет
Один раз в год

Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылар тапсырады
Представляют пользователи официальной статистической информации


Тапсыру мерзімі 10 қыркүйекке дейін
Срок представления до 10 сентября

1.

Сіз пайдаланушылардың қандай санатына жатасыз?
К какой категории пользователей вы относитесь?

Мемлекеттік органдар
Государственные органы





Бизнес





Оқу орындары, ҒЗИ
Учебные заведения, НИИ





Басқасы
Другое



2.

Сіз қолжетімді (жарияланған) статистикалық ақпараттың көлемімен қаншалықты қанағаттанасыз?
Насколько Вы удовлетворены объемом доступной (публикуемой) статистической информации?

Негізінде қанағаттанамын
В основном удовлетворен





Жартылай қанағаттанамын
Частично удовлетворен





Қанағаттанбадым
Не удовлетворен





Жауап беруге қиналамын
Затрудняюсь ответить



3.

Сіз ақпарат ұсыну нысанымен қаншалықты қанағаттандыңыз?
Насколько Вы удовлетворены формой представления информации?

Негізінде қанағаттандым
В основном удовлетворен





Жартылай қанағаттанамын
Частично удовлетворен





Қанағаттанбадым
Не удовлетворен





Жауап беруге қиналамын
Затрудняюсь ответить





Басқасын көрсетіңіз
Другое, укажите
___________________





4.

Мемлекеттік статистика деректеріне сенім деңгейін бағалаңыз.
Оцените уровень доверия данным государственной статистики.

Сенемін
Доверяю





Негізінде сенемін
В основном доверяю





Жартылай сенемін
Частично доверяю





Сенбеймін
Не доверяю





Жауап беруге қиналамын
Затрудняюсь ответить



5.

Ақпаратты қандай тәсілмен алғыңыз келеді?
Каким способом хотели бы получать информацию?

Статистика органдарының Интернет-ресурсында
На Интернет-ресурсе органов статистики





Қағаз жеткізгіште
На бумажном носителе





Электрондық тарату бойынша
По электронной рассылке





Басқасын көрсетіңіз
Другое, укажите







6.

Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсын пайдаланасыз ба?
Пользуетесь ли Вы Интернет-ресурсом Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан – www.stat.gov.kz?

Иә
Да





Жоқ
Нет



7.

Сізге қажетті ақпарат www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында бар ма?
Имеется ли на Интернет-ресурсе www.stat.gov.kz необходимая для Вас информация?

Иә
Да





Жоқ
Нет



8.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және аумақтық органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру үшін Сіздің көзқарасыңыз бойынша не қажет?
Что, на Ваш взгляд, необходимо для дальнейшего совершенствования работы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан и территориальных органов?



сауал салудың соңы
конец опроса

Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз! Благодарим за сотрудничество!

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.