"Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
15.01.2019
Өзгерту күні
28.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 9-10 жарияланған, 219-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларында:

      4-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) күтпеген шығыстар – тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кейінге қалдырылмайтын қажеттілікке арналған жоспарланбаған шығындары;";

      8-тармақ алып тасталсын;

      21-1-тармақ алып тасталсын;

      36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іссапарға жіберілген қызметкерге, тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті органның қызметкерін қоспағанда, тәуліктік ақы 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына баратын көлік шығыстары өтеледі.";

      36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1. Өзге шығыстар өзге де шығындарды қамтиды.

      "Өзге шығыстар" шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.";

      44-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-2. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге немесе оны кредиторлар комитетінің бекітуіне дейін мынадай шығындар баптары:

      1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызметтер;

      2) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      3) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер бойынша шығыстар, пошта мен анықтамалық қызметтер, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар);

      4) коммуналдық қызметтер;

      5) бірінші және екінші қолдың (қолдардың) үлгілері және мөр бедері бар құжаттарды нотариаттық куәландыру қызметтері;

      6) үй-жайды жалдау қызметтері;

      7) инкассация қызметтері бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуге байланысты шығыстарды тарату комиссиясының жүзеге асыруына жол беріледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Қағидалардың 44-2-тармағына сәйкес шығыстарды жүзеге асыруды қоспағанда, тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе оны кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының шығыстарды жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      103-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "103-1. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағыштарда бекітуге ұсынады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Таратылатын банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.";

      107-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы ең көп кредиторлар, Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген әр кезектегі кредиторлар санатының бір өкілінен кіреді.";

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тарату шығыстарының сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 325 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасында
банктерді мәжбүрлеп тарату
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тарату шығыстарының сметасы _________________________ жылғы _____ тоқсандағы _____________________________________ (таратылатын банктің атауы)

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

ай

ай

ай

тоқсандағы барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары





1.1

тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің сыйақысы, оның ішінде:





1.1.1

сыйақы





1.1.2

жеке табыс салығы





1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.2.1

лауазымдық жалақы





1.2.2

жеке табыс салығы





1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.3

өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған адамдардың жұмысына ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.3.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу





1.3.2

жеке табыс салығы





1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары





2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар





2.1

әлеуметтік салық





2.2

әлеуметтік аударымдар





2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2.4

мүлікке салынатын салық





2.5

көлік құралдарына салынатын салық





2.6

жер салығы





2.7

қосымша құн салығы





2.8

жер телімдерін пайдалану төлемі, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем





2.9

өзге салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер





3

Әкімшілік шығыстар





3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау қызметтері





3.2

байланыс қызметтері





3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализациясы қызметтері





3.4

көлікті күзету қызметтері





3.5

көлік үшін тұрақ беру қызметтері





3.6

көлікті тіркеу қызметтері





3.7

көлікті техникалық қарау қызметтері





3.8

көлікті сақтандыру қызметтері





3.9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері





3.10

коммуналдық қызметтер





3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жұмыстары





3.12

үй-жайды жалдау





3.13

тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері





3.14

мүлікті бағалау қызметтері





3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері





3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындау қызметтері





3.17

сантехникалық жұмыстар





3.18

мүлікті сақтау қызметтері





3.19

мемлекеттік бажды төлеу





3.20

нотариаттық куәландыру қызметтері





3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері





3.22

терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жұмыстары





3.23

аукциондар өткізу қызметтері





3.24

инкассация қызметтері





3.25

сараптама жүргізу қызметтері





3.26

аудит жүргізу қызметтері





3.27

құжаттарды аудару қызметтері





3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату





3.29

бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі орталық депозитарийдің қызметтері





3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпастан жүзеге асырылған төлемдер және ақша аударымдары қызметтері





3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру қызметтері





3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу





3.33

коллекторлық қызметтер





4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары





4.1

офис жабдығын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау





4.2'

көлік құралдарын ұстау





4.3

үй-жайларды ұстау





4.4

қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу





4.5

кеңсе тауарларын сатып алу





4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу





5

Іссапар шығыстары





6

Көзделмеген шығыстар





7

Өзге де шығыстар





Жиынтығы





      Тарату комиссиясының төрағасы

      ___________________________________ ______________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      Бас бухгалтер

      ________________________________________ __________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      Орындаушы

      _______________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      Телефоны

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.