"Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
11.09.2018
Өзгерту күні
23.08.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 829 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 тамызында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасында:

      1-тарауда:

      1-тармақта ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы И. Мещеряков
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.