"Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 251/31-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
11.09.2018
Өзгерту күні
23.08.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 251/31-VI "Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1172 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірінде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы И. Мещеряков
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.