Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
29.12.2018
Өзгерту күні
09.11.2018
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Салық салу мақсатында аймаққа бөлу схемасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Аталған жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары автотұрақтар (паркингтер) және автокөлікке жанармай құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне таралмайды.

      3. "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімінің (Нормативтік қықықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 763 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қантардағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының сессия төрағасы Е. Сыдыков
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

  Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 326/41-VI шешіміне
1-қосымша



  Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 326/41-VI шешіміне
2-қосымша

Салық салу мақсатында аймақтар шекараларының сипаттамасы

Р/с №

Аймақтың және кіші аймақтың №

Аймақтардың шекаралары

1

2

3

1.

1-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысынан басталады, одан әрі Ш. Уәлиханов көшесі бойынша оңтүстікке қарай М. Лермонтов көшесіне дейін; М. Лермонтов көшесі бойынша батысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесі бойынша А. Иманов көшесіне дейін; А. Иманов көшесі бойынша батыс бағытта Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесі бойынша А. Кравцов көшесіне дейін; А. Кравцов көшесі бойынша оңтүстік-шығыс бағытта А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесі бойынша солтүстік-шығыс жаққа Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойынша оңтүстік-шығыс жаққа қарай Бекарыс көшесіне дейін; Бекарыс көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Сілеті көшесіне дейін; Сілеті көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Тұлпар көшесіне дейін; Тұлпар көшесі бойынша оңтүстікке қарай Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай Арқайым көшесіне дейін; Арқайым көшесі бойынша Талғар көшесіне дейін; Талғар көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қ. Сәтбаев көшесіне дейін; Қ. Сәтбаев көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Қарқабат көшесіне дейін; Қарқабат көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Балқантау көшесіне дейін; Балқантау көшесі бойынша солтүстікке қарай Жайдарман көшесіне дейін; Жайдарман көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Майқайын көшесіне дейін; Майқайын көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесі бойынша шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша оңтүстікке қарай Қарасаз көшесіне дейін; Қарасаз көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Айнакөл көшесіне дейін; Айнакөл көшесі бойынша шығысқа қарай Сарыкөл көшесіне дейін; Сарыкөл көшесі бойынша оңтүстікке қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін; А. Байтұрсынов көшесі бойынша батысқа қарай жобаланып отырған көшеге дейін; жобаланып отырған көше бойынша оңтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша батысқа қарай жобаланып отырған Тәуелсіздік даңғылына дейін; жобаланып отырған Тәуелсіздік даңғылы бойынша оңтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша солтүстікке қарай жобаланып отырған көшеге дейін; жобаланып отырған көше бойынша оңтүстік-батысқа қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесі бойынша батысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылы бойынша солтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сығанақ көшесі бойынша батысқа қарай жобаланып отырған көшеге дейін; жобаланып отырған көше бойынша солтүстікке қарай Сарайшық көшесіне дейін; жобаланып отырған Сарайшық көшесі бойынша солтүстік-батыс бағытта Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша шығысқа қарай, одан әрі солтүстікке қарай Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесі бойынша шығысқа қарай К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесі бойынша солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылы бойынша шығысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін


1-2

Индустриялық парктің аумағы

2.

2-1

Аймақтың солтүстік шекарасы Қарталы көшесі мен теміржол төсемінің қиылысынан басталады; теміржол бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Р. Қошқарбаев даңғылына дейін; Р. Қошқарбаев даңғылы бойынша оңтүстік-батысқа қарай М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Қобыз көшесіне дейін; Қобыз көшесінен оңтүстік-батысқа қарай Сарын көшесіне дейін; Сарын көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қордай көшесіне дейін; Қордай көшесі бойынша оңтүстікке қарай Шарбақты көшесінің жалғасына дейін; Шарбақты көшесінен оңтүстікке қарай бау-бақша қоғамы шекарасы бойынша Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасы бойынша оңтүстікке қарай Нұра Есіл арнасына дейін; Нұра Есіл арнасы бойынша оңтүстік-батыс бағытта Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай Қарқаралы көшесіне дейін; Қарқаралы көшесі бойынша оңтүстікке қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылы бойынша солтүстікке қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай № 37 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 37 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша солтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша шығысқа қарай № 23-13 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 23-13 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстікке қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін; А. Байтұрсынов көшесі бойынша шығысқа қарай № 23-8 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 23-8 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстікке қарай Айнакөл көшесіне дейін; Айнакөл көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қарасаз көшесіне дейін; Қарасаз көшесі бойынша батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша солтүстікке қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Майқайын көшесіне дейін; Майқайын көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша солтүстікке қарай Жайдарман көшесіне дейін; Жайдарман көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Балқантау көшесіне дейін; Балқантау көшесі бойынша оңтүстікке қарай Қарқабат көшесіне дейін; Қарқабат көшесі бойынша солтүстік-шығыс бағытта Қ. Сәтбаев көшесіне дейін; Қ. Сәтбаев көшесі бойынша оңтүстікке қарай Талғар көшесіне дейін; Талғар көшесі бойынша М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесінен солтүстік-шығысқа қарай Арқайым көшесіне дейін; Арқайым көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылы бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Тұлпар көшесіне дейін; Тұлпар көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Сілеті көшесіне дейін; Сілеті көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Бекарыс көшесіне дейін; Бекарыс көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойынша батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесі бойынша қарай А. Кравцов көшесіне дейін; А. Кравцов көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесі бойынша солтүстікке қарай А. Иманов көшесіне дейін; А. Иманов көшесі бойынша шығысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесі бойынша солтүстікке қарай М. Лермонтов көшесіне дейін; М. Лермонтов көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесі бойынша солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылы бойынша батысқа қарай жобаланып отырған К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесі бойынша оңтүстікке қарай Кенасары көшесіне дейін; Кенасары көшесі бойынша батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша солтүстік-батысқа қарай Ш. Айтматов көшесіне дейін; Ш. Айтматов көшесі бойынша солтүстік бағытта "Достық" гараждар кооперативі бойымен, кейін оңтүстік-шығысқа қарай жобаланып отырған № 187 (жобалық атауы) көшесінен Сарыбұлақ арнасына дейін; Сарыбұлақ арнасы бойынша солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесі бойынша солтүстікке қарай Ақан сері көшесіне дейін; Ақан сері көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай, одан әрі К. Бәйсейітова көшесінің бағыты брйынша; К. Бәйсейітова көшесі бойынша солтүстікке қарай Конституция көшесіне дейін; Конституция көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай Ш. Бөкеев көшесі бойынша теміржол төсемінің қиылысы бар Қарталы көшесіне дейін


2-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Кенесары көшесі мен Есіл өзенінің қиылысынан басталады; Есіл өзені бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Ноғайлы көшесіне дейін; Ноғайлы көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай, кейін жобаланып отырған көше бойынша солтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін

2-3

Үй құрылысы аумағымен іргелес Гольф-клуб аумағының ауданы

3.

3-1

Аймақтың солтүстік шекарасы жобаланып отырған Көктал көшесі мен теміржол төсемінің қиылысынан басталады; теміржол төсемі бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесі бойынша оңтүстікке қарай Р. Дүйсенбаев көшесіне дейін; Р. Дүйсенбаев көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; Ш. Бөкеев көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай жобаланып отырған Конституция көшесінің жалғасына дейін; Конституция көшесі бойынша шығысқа қарай К. Бәйсейітова көшесіне дейін; К. Бәйсейітова көшесі бойынша оңтүстікке қарай, одан әрі Ақан сері көшесі бағыты бойынша; Ақан сері көшесі бойынша оңтүстік бағытта Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесі бойынша оңтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылы бойынша Сарыбұлақ арнасына дейін; Сарыбұлақ арнасы бойынша оңтүстікке қарай № 187 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 187 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай "Достық" гараждар кооперативінің бойымен; Ш.Айтматов көшесі бойынша Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасы бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Кенесары көшесінің жалғасына дейін; Кенесары көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Ноғайлы көшесіне дейін; Ноғайлы көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша батыс бағытта Е246 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е246 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстікке қарай Е250 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е250 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстікке қарай Е10 (жобалық атауы) көшеге дейін; Е10 (жобалық атауы) көшесіне бойынша шығысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылы бойынша оңтүстік бағытта № 31 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 31 (жобалық атауы) көшесі бойынша батыс бағытта Е102 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е102 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстікке қарай Е10 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е10 (жобалық атауы) көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Айтматов көшесіне дейін; Ш. Айтматов көшесі бойынша Қорғалжын тас жолымен қиылысына дейін; Қорғалжын тас жолынан солтүстікке қарай жобаланып отырған көше бойынша Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасы бойынша батысқа қарай Көктал тұрғын алабына дейін; Көктал тұрғын алабының шекарасы бойынша солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылы бойынша шығысқа қарай Баршын көшесімен қиылысына дейін; Баршын көшесі бойынша солтүстікке қарай № 20-40 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 20-40 (жобалық атауы) көшесі бойынша шығысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесі бойынша солтүстікке қарай теміржол төсемімен қиылысына дейін


3-2

Аймақтың оңтүстік шекарасы Қарталы көшесі мен теміржол төсемінің қиылысынан басталады; одан әрі теміржол төсемі бойынша № С349 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № С349 (жобалық атауы) көшесі бойынша шығысқа қарай С314 (жобалық атауы) көшесіне дейін; С314 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстікке қарай Алаш тас жолына дейін; Алаш тас жолы бойынша оңтүстік-батысқа қарай № 69 (жобалық атауы) көшесіне дейін, № 69 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Ақ-бұлақ өзеніне дейін; Ақ-бұлақ өзені бойынша оңтүстік-батыс бағытта теміржолмен қиылысына дейін; теміржол бойынша оңтүстік-шығысқа қарай № 1 Индустриалық парктің сыртқы шекарасы бойымен теміржолға дейін; теміржол бойынша батыс бағытта Қарталы көшесіне дейін

3-3

Промышленный тұрғын алабының аумағы Интернациональный тұрғын алабының шекарасына дейін оңтүстікке қарай Есіл өзені бойымен

3-4

Тельман тұрғын алабының аумағы

3-5

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы

3-6

Теміржол көлігі объектісі алып отырған жерлер (теміржол, теміржол торабы, тұйық)

4.

4-1

Аймақтың солтүстік шекарасы С349 (жобалық атауы) көшесі мен теміржолдың қиылысынан басталады; теміржол бойынша оңтүстік-шығысқа қарай теміржолдың басқа тармағымен қиылысына дейін; одан әрі теміржол тармағы бойынша солтүстік-батысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесі бойынша оңтүстікке қарай № 20-40 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 20-40 (жобалық атауы) көшесі бойынша батысқа қарай Қайнар көшесіне дейін; Қайнар көшесі бойынша батысқа қарай, одан әрі солтүстік-шығысқа қарай, оңтүстік-шығысқа қарай, солтүстікке қарай, солтүстік-батысқа қарай және солтүстікке қарай теміржолға дейін; теміржол бойынша оңтүстік-батысқа қарай жобаланып отырған С349 (жобалық атауы) көшесімен қиылысына дейін


4-2

Аймақтың солтүстік шекарасы Қабанбай батыр даңғылы мен Нұра-Есіл арнасының қиылысынан басталады; одан әрі Нұра-Есіл арнасы бойынша солтүстік-шығысқа қарай; одан әрі шығыс және солтүстік бағытта Тельман тұрғын алабының аумағын айнала отырып, Есіл өзеніне қарай; Есіл өзені бойынша шығыс бағытта жобаланып отырған № 229 (жобалық атауы) көшесіне қарай; жобаланып отырған № 229 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай; одан әрі батыс бағытта Пригородный тұрғын алабын айнала отырып, Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасы бойынша солтүстікке қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін

4-3

Железнодорожный және Интернациональный тұрғын алаптарының аумағы

5.

5-1

Аймақтың сыртқы шекарасы айналма жолдың (Қарағанды-Астана тас жолына дейінгі Астрахан тас жолының ауданы) бойымен өтеді; ішкі шығыс шекарасы № 4 (Железнодорожный тұрғын алабының ауданы) аймақтың сыртқы шекарасы бойынша; одан әрі батысқа қарай № 3 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша; одан әрі № 4 аймақтың батыс бағытында

5-2

Аймақтың солтүстік шекарасы (Астрахан трассасының ауданы) № 4 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша өтеді; одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай № 3 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша Тұран даңғылына дейін; одан әрі № 2 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша оңтүстік бағытта; № 4 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша Пригородный тұрғын алабының ауданында оңтүстік-шығыс бағытта; аймақтың шығыс сыртқы шекарасы аймақтың солтүстік шекарасына дейін айналма жолының (Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының ауданы) бойымен өтеді

5-3

Аймақтың солтүстік шекарасы № 4 (Интернациональный тұрғын алабының ауданы) аймақтың сыртқы шекарасы бойынша, оңтүстік шекарасы – № 4 аймақтың сыртқы шекарасы, батыста – № 3 (Промышленный тұрғын алабының ауданы) аймақтың сыртқы шекарасы, шығыс шекарасы № 229 айналма жолы бойынша өтеді

5-4

Мичурино тұрғын алабының аумағы

6.

6-1

Мичурино тұрғын алабы ауданынан басқа айналма жолдың сыртындағы Астана қаласының аумағы.

6-2

Оңтүсік-шығыс бөлігіндегі Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы учаскесіне іргелес аумақ оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақ және Астана қаласы шекарасының сыртында жолақты учаскелер арқылы өтетін аумақ

  Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 326/41-VI шешіміне
3-қосымша

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

Р/с №

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

1.

1

+50

2.

2

+40

3.

3

+20

4.

4

0

5.

5

-30

6.

6

-50


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.