Алакөл аудандық мәслихатының "Алакөл ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 32-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
26.11.2018
Өзгерту күні
22.11.2018
Актіні қабылдаған орган
Алакөл ауданының мәслихаты

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл аудандық мәслихатының "Алакөл ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 32-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4663 тіркелген, 2018 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы О. Ахметқалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы А. Слямов
      Алакөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Жабжанов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.