Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы "Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 25-118 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
29.11.2018
Өзгерту күні
22.11.2018
Актіні қабылдаған орган
Іле ауданының мәслихаты

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 25-118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 тіркелген, 2018 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Калиев Канатбек Зейнелгабдиновичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы С. Давлетов
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.