Сарқан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Актінің түрі
Анықтама
Тәртіп
Қаулы
Қабылдау күні
23.02.2018
Өзгерту күні
09.02.2018
Актіні қабылдаған орган
Сарқанд ауданының әкімдігі

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарқан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Сарқан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Сарқан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан ауданының әкімі Е. Қошанбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "9" ақпандағы "Сарқан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 29 қаулысына қосымша

Сарқан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

      2. Сарқан ауданының Ішкі істер бөлімінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Сарқан ауданы әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша Сарқан ауданының Ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.