Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 08/02 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
29.12.2018
Өзгерту күні
28.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды облысының әкімдігі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 124 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16806 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №08/02 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4656 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
  2018 жылғы "28" желтоқсандағы
  № 67/01 қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
  2018 жылғы "27" ақпандағы
  № 08/02 қаулысымен бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша тегін тамақтануды беру туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының өтініші және Стандарттың 9–тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың ұсынылуы болып табылады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы мен тіркеуі, құжаттарды қызметті берушінің басшысына қарастыруға беруі 15 (он бес) минуттың ішінде;

      рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдауы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы, жауапты маманды белгілеуі 15 (он бес) минуттың ішінде;

      рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманды анықтауы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қарауы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе Стандарттың 10-тармағына қарастырылған негіздемелерімен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды дайындауы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға қол қоюы 15 (он бес) минуттың ішінде;

      рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жолдануы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде ұсынуы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуі;

      рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі не мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлерінің) тізілімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.

      7. Құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімдемелердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі 15 (он бес) минуттың ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы, жауапты маманды белгілеуі 15 (он бес) минуттың ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қарауы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе Стандарттың 10-тармағына қарастырылған негіздемелерімен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды дайындауы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға қол қоюы 15 (он бес) минуттың ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде ұсынуы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуі.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;

      2) 1 процесс – қызмет көрсету үшін мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

      3) 2 процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенімхат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

      4) 3 процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;

      5) 1 шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;

      6) 4 процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты, деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

      7) 5 процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

      8) 6 процесс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;

      9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, сәйкестігін және негіздемелерін тексеруі (өндеуі);

      10) 7 процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

      11) 8 процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациялармен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарындағы
  тәрбиеленушілер мен білім
  алушылардың жекелеген санаттағы
  азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық
  (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы
  тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну"
  мемлекеттік көрсетілетін
  регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестердің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер:

     


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.