Көшелерді қайта атау туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
25.04.2018
Өзгерту күні
06.04.2018
Актіні қабылдаған орган
Қорғанжар ауылдық округінің әкімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының көшелері:

      1) Центральная көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      2) Дорожная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      3) Набережная көшесі Желтоқсан көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі А. Жұматаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.