Шет ауданы Көктіңкөлі ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
10.04.2018
Өзгерту күні
27.03.2018
Актіні қабылдаған орган
Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 7 бабына және 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2017 жылғы 06 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданы Көктіңкөлі ауылындағы:

      "Садовая" көшесі "Ынтымақ" көшесі;

      "Новая" көшесі "Бастау" көшесі;

      "Транспортная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Центральная" көшесі "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Елеусизоваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі М. Имендинова

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.