"Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
27.04.2018
Өзгерту күні
10.04.2018
Актіні қабылдаған орган
Жаңаөзен қаласының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/103 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылдың 7 сәуірінде № 3321 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 17 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ғ.Байжанов
      Қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 10 сәуірдегі
№ 19/231 шешімімен бекітілген

"Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 - бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусы қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын және жоғары тұрған басшысымен бекітілген құжат;

      2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысында болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

      3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

      4) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзіреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

      5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына "А" корпусы қызметшісінің келісіміне немесе "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

      6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға.

      3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін өткізіледі.

      4. Егер оның нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан кейін немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімі кезінде бағалау өткізілмейді. Бағалау өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

      5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады, кадр мәселесі бойынша қызмет оның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссия құрамын Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы анықтайды. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

      6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

      1) НМИ жетістіктерін бағалау;

      2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

      7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату бойынша шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

      8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметі бойынша қызметкерде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2. НМИ анықтау тәртібі

      9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусы қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықталады.

      10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      11. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.

      12. НМИ осы Әдістеменің 13 - тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшысының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданғаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      13. НМИ:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

      2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

      4) уақытпен шектеулі (бағалау кезеңінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

      5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, саяси қызметшінің меморандумын немесе "А" корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

      14. НМИ саны 5 құрайды.

      15. Жеке жұмыс жоспары кадр жұмысы жөніндегі қызметшіде сақталады.

3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

      16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

      17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2 - қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

      18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

      НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады;

      НМИ санының 5 - нен 4 - і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады;

      НМИ санының 5 - нен 3 - і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады;

      НМИ санының 5 - нен 3 - тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.

      НМИ - дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

      19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      20. Егер, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізеді.

      21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

      1) бағалаумен келісу;

      2) түзетуге жіберу.

      22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

      23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдаған күннен 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр жұмысы жөніндегі қызметші 2 жұмыс күннен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4. Құзіреттерді бағалау тәртібі

      25. Құзіреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

      26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4 - қосымшасымен көзделген міне-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.

      27. Қызметші құзыретінің даму деңгейін бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

      1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзіретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады;

      2) қызметшінің қызметі нақты құзіретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 - нен кеміне сәйкес келмесе, осы бағаланатын құзірет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады;

      28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр жұмысы жөніндегі қызметші 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

      29. Кадр жұмысы жөніндегі қызметші Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және оның өткізілетіндігі туралы жеті жұмыс күні аралығында бағалау жүргізілетін тұлғаларды хабарлайды.

      30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы Жаңаөзен қалалық мәслихаты хатшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      34. Комиссияның хатшысы кадр жұмысы жөніндегі қызметші болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      35. Кадр жұмысы жөніндегі қызметші Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

      36. Кадр жұмысы жөніндегі қызметші Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) осы Әдістемеге 5 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын.

      37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалауды түзетіп және оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.

      39. Бағалау нәтижелері Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысымен бекітіледі және осы Әдістеменің 5 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

      40. Кадр жұмысы жөніндегі қызметші "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

      41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, кадр қызметі бойынша қызметшімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған еркін түрде акт жасақталады.

      42. "Б" корпусының қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысы жөніндегі қызметшімен "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

      43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып және "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарауға ұсыныс беру;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

      44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 
  "Жаңаөзен қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
1- қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Қалалық мәслихат хатшысы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _________________
қолы _________________

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________________

      Қызметшінің лауазымы: __________________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_______________________________________

НМИ атауы

Қай мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түйінді нәтиже





























      *Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер

      Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні_______________________ күні_______________________ қолы______________________ қолы______________________

 
  "Жаңаөзен қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
2 - қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Қалалық мәслихат хатшысы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _________________
қолы _________________

НМИ бойынша бағалау парағы

      ___________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты, бағаланатын тұлғаның лауазымы) ______________________________ (бағаланатын кезең)




      *Нысаналы мақсатты индикатор

      Бағалау нәтижесі______________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

      Қызметші Тікелей басшы ___________________________ _______________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні_______________________ күні_______________________

      қолы__________________ қолы______________________

  "Жаңаөзен қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
3 - қосымша
Нысан

Құзіреттер бойынша бағалау парағы

      _________________ жыл (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_____________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:____________________________

Құзіреттер атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)

Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы ("күтілетін нәтижеге сәйкес емес" бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару



2

Ынтымақтастық



3

Шешім қабылдау



4

Жеделділік



5

Өздігінен даму



6

Қызметті тұтынушыға бағдарлану*



7

Қызметті тұтынушыларды хабарландыру*



8

Адалдық



9

Жауапкершілік



10

Бастамашылдық



11

Стресске орнықтылық



      *Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзіреттері бойынша бағаланбайды.

      Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні_______________________ күні_______________________ қолы______________________ қолы______________________

  "Жаңаөзен қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
4 - қосымша
Нысан

Қызметтердің мінез-құлық индикаторлары

Құзірет атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

Қызметтік басқару

Е-2

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді; бөлімше жұмысының нәтижелілігін және сапасын қамтамасыз етеді.

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;
сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;
қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізбейді;
бөлімше жұмысының нәтижелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.

Е-4

Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді;
өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады; белгіленген мерзімдерді сақтайды.

Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
сапасыз құжаттар әзірлейді;
жедел жұмыс жасамайды;
белгіленген мерзімін бұзушылықтарға жол береді.

Ынтымақтастық

Е-2

Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;
бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

Қызметкерлер арасында өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;
бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

Е-4

Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады; талдау барысында пікір алмасады және талдау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.

Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді, аса тәжірибелі әріптестерінің көмегіне жүгінбейді;
әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

Шешім қабылдау

Е-2

Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады; шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды; әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіп-қатерді талдайды және болжамдайды;
мүмкін болатын қауіп-қатер мен салдарларды ескере отырып, құзіреті шегінде шешім қабылдайды.

Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді; әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді немесе мүмкін болатын қауіп-қатерді талдамайды және болжамайды;
шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

Е-4

Қажетті мәліметтерді таба алады;
мүмкін болатын қауіп-қатерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
өзінің пікірін негіздей алады.

Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
мүмкін болатын қауіп-қатерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
негізсіз пікір білдіреді.

Қызметті тұтынушыға бағдарлану

Е-2

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;
кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасайды; қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;
кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасамайды;
сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.

Е-4

Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.

Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлық білдіреді;
тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді; қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру

Е-2

Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қол жетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;
тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді; қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.

Бағыныстағыларды қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;
тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;
қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

Е-4

Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;
тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді; көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты уақытылы қабылдай және жібере алады.

Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты уақытылы қабылдай және жібере алмайды.

Жеделділік

Е-2

Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақытыла шаралар қабылдайды;
өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.

Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

Е-4

Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылайды; өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.

Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды; өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

Өздігінен даму

Е-2

Бағыныстағылардың құзіреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
мақсатқа жету үшін өзінің құзіреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
бағыныстылармен олардың құзіреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзіреттерді талқылайды.

Бағыныстағылардың жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзіреттерін дамытпайды;
бағыныстылармен олардың құзіреттерін талқыламайды.

Е-4

Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; өздігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді; тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.

Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
өздігінен дамуға ұмтылмайды және жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерімен қызықпайды;
өзінде бар дағдылармен шектеледі.

Адалдық

Е-2

Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
жұмыста табандылық танытады;
ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді; риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.

Ұжымда қабылданған стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақтамауына жол береді;
өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды; жұмыста табандылық танытпайды;
ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;
бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.

Е-4

Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
өзінің жұмысын адал орындайды;
өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.

Әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлық білдіреді; өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсінбеушілік қасиеттерін танытады.

Стреске орнықтылық

Е-2

Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

Е-4

Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

Жауапкершілік

Е-2

Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

Е-4

Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.

Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.

Бастамашылдық

Е-2

Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерді және шешімдерді ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

Е-4

Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.

Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

 
  "Жаңаөзен қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне
5 - қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Қалалық мәслихат хатшысы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _________________
қолы _________________

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      __________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________ (бағалау мерзімі жыл)

      Бағалау нәтижелері

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1





2





3





4





5





      Комиссия қорытындысы: ________________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссия хатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссия төрағасы: ___________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссия мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.