Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 35/276 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты жөніндегі ереже туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 1999 жылғы 23 желтоқсандағы № 2/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
27.12.2018
Өзгерту күні
25.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Жаңаөзен қаласының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 35/276 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты жөніндегі ереже туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 1999 жылғы 23 желтоқсандағы № 2/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2602 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпандағы "Жаңаөзен" газетінде және "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылы 4 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермуханов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К.Мынтурганов
      Қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.