Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекітутуралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
08.06.2018
Өзгерту күні
29.05.2018
Актіні қабылдаған орган
Қарақия ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкесжәне Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 10-15-1497 ұсынысының негізінде Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі № 52-53 "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      3 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;".

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Сабытова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен

      қамту,әлеуметтік бағдарламалар

      және азаматтықхал актілерін

      тіркеу бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Сәрсенғали Маркс Тайырұлы

      29 мамыр 2018 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.