Күшін жойған

Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы №9/114 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
08.06.2018
Өзгерту күні
15.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Қарақия ауданының мәслихаты

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.03.2019 № 27/292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2018 жылғы 2 мамырдағы №10-15-1497 ұсынысының негізінде Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/114 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3370 болып тіркелген,Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 маусымында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен  болып танылған иесіз  қалдықтарды басқару қағидасында:

      19 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16601 болып тіркелген) нысан бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтіксалымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы;".

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділетдепартаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасызетсін. 

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Сабытова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық тұрғын үй

      коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Әбілов Баймұрат Көбейұлы

      29 мамыр 2018 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.