Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 "Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
21.12.2018
Өзгерту күні
12.12.2018
Актіні қабылдаған орган
Қостанай облысының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 шешіміне (2017 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.