Аудан әкімінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 1 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
24.07.2018
Өзгерту күні
29.06.2018
Актіні қабылдаған орган
Әулиекөл ауданының әкімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 1 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 наурызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 274, № 275, № 277 сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Ж. Таукенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Әулиекөл аудандық сайлау

      комиссиясы төрағасы

      ____________ Г. Нұрахметова

      "29" маусым 2018 жыл

  Әкімнің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 4 шешіміне қосымша

      № 274 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы - Алтынсарин көшесінің тақ жағы № 1-ден № 55 - ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 74 - ке дейін. Байтұрсынов тақ жағы № 1-ден № 33- ке дейін. Уәлиханов, Гагарин тақ жағы № 1-ден № 49а-ға дейін, жұп жағы № 2/1-ден № 40 – қа дейін, Байқұлақ батыр тақ жағы № 1-ден № 29-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 46-ға дейін, Западный тақ жағы № 1-ден № 19-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 14-ке дейін. Султан Еркимбаев, Мамедов тақ жағы № 1-ден № 71-ге дейін, жұп жағы № 4-тен № 90-ға дейін. Омаров, Е. Асанбаев тақ жағы № 1-ден № 27/4 ке дейін, жұп жағы № 2, Пушкин тақ жағы № 1/2-ден 41/1-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 34-ке дейін. Сьянов тақ жағы № 1-ден № 33- ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 28-ге дейін. Қуаныш Шамшиев тақ жағы № 1а - дан № 47а-ға дейін, жұп жағы № 4-тен № 24-ке дейін. Южный тақ жағы № 1-ден № 53-ке дейін. Алтынсарин жұп жағы № 78-ден № 90-ға дейін, тақ жағы № 57-ден № 75-ке дейін. Байтұрсынов, тақ жағы № 2-ден № 56-ға дейін, Е. Асанбаев тақ жағы № 33-тен № 163/2-ге дейін, жұп жағы № 10-нан № 126/3-ке дейін, 1 Май тақ жағы № 1-ден № 37-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 38-ге дейін, Жильгильдин, Космонавтар тақ жағы № 1/1-ден № 9/2-ге дейін, жұп жағы № 2/1-ден № 4/3-ке дейін. Торғай тақ жағы № 1-ден № 13-ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 8-ге дейін.

      № 275 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы - Астана, Аманкелді көшелерінің - тақ жағы № 1-ден № 61/2-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 34/1-ге дейін. Гагарин тақ жағы № 51-ден № 115/2-ге дейін, жұп жағы № 24/2-ден № 94-ке дейін. Рахимов тақ жағы № 1-ден № 61-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 46-ға дейін. Мамедов тақ жағы № 73-тен № 127-ге дейін, жұп жағы № 92-ден № 160-қа дейін, Қуаныш Шамшиев тақ жағы № 45/1-ден № 71/1-ге дейін, жұп жағы № 54/1-ден № 76/1-ге дейін. Байтұрсынов тақ жағы № 61-ден № 75-ке дейін, жұп жағы № 58-ден № 94/3-ке дейін. Шақшақ Жәнібек батыр тақ жағы № 1-ден № 155/2-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 162/2-ге дейін, Торғай тақ жағы № 15-тен № 29-ға дейін, жұп жағы № 10-нан № 26-ға дейін. Саржетім Қарабалуан батыр тақ жағы № 1-ден № 189-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 138-ге дейін. 10 Бесжылдық тақ жағы № 1/1-ден № 17/2-ге дейін, жұп жағы № 2/а-дан № 26/2-ге дейін. Қостанай тақ жағы № 77-ден № 203/2-ге дейін , жұп жағы № 30-дан № 160/2-ге дейін.

      № 277 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы - ВЛКСМ 50 Жылдығы, Абай, Баймағамбетов көшелерінің - тақ жағы № 75-тен № 129/2-ге дейін, жұп жағы № 78/1-ден № 96-ға дейін, Березовый, Салық Молдахметов, Восточный, Жамбыл, Дружба, Заводской, Медет Досымханов, Киров, Лермонтов, Новый, Песчанная, Пионерский, Прибрежный, Рабочий, Мұқаш Тойқожаұлы, Спортивный, Терешкова, Трудовой, Тұрғымбаев, Фаризов, Целинный, Шаяхметов, Энергетиктер.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.