Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Нормативтік қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
02.04.2018
Өзгерту күні
07.03.2018
Актіні қабылдаған орган
Қамысты ауданының әкімдігі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 23 ақпандағы № 23 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда"Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі, көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Ғ. Ахметчин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қамысты аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      ___________________ А. Мақаева

  Қамысты ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 25 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Алтынсарин ауылы

Школьная көшесіндегі тақта, Октябрьская көшесіндегі тақта

2

Арқа ауылы

Торговая көшесіндегі тақта

3

Аралкөл ауылы

Абай көшесіндегі тақта

4

Дружба ауылы

Советская және Волынов көшелерінің қиылысындағы стенд, Советская көшесіндегі тақта

5

Клочков ауылы

Учительская көшесіндегі тақта

6

Қарабатыр ауылы

Комсомольская көшесіндегі тақта

7

Ливанов ауылы

Кооперативная және Комсомольская көшелерінің қиылысындағы тақта, Школьная көшесіндегі тақта

8

Пушкин ауылы

Школьная көшесіндегі тақта

9

Талдыкөл ауылы

Комсомольская көшесіндегі тақта

10

Бестөбе ауылы

Абай көшесіндегі тақта

11

Фрунзе ауылы

Комсомольская көшесіндегі тақта

12

Адай ауылы

Школьная көшесіндегі тақта

13

Жайылма ауылы

Ленин көшесіндегі тақта

14

Қамысты ауылы

Ленин және Ержанов көшелерінің қиылысындағы стенд, Құдайқұлов көшесіндегі тақта, Ержанов және Косма көшелерінің қиылысындағы тақта

15

Мешітті ауылы

Набережная көшесіндегі стенд

16

Свободный ауылы

Комсомольская көшесіндегі тақта

17

Орқаш ауылы

Центральная көшесіндегі стенд


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.