Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Актінің түрі
Нормалар (Нормативтер)
Қаулы
Қабылдау күні
05.07.2018
Өзгерту күні
22.06.2018
Актіні қабылдаған орган
Қостанай ауданының әкімдігі

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданының аумағында орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі К. Ахметов

  Қостанай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 331 қаулысына қосымша

Қостанай ауданының аумағында орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін

150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін

4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.