Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Мереке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Актінің түрі
Шаралар
Шешім
Қабылдау күні
12.09.2018
Өзгерту күні
12.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Дәмді ауылдық округінің әкімі

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің 12.08.2019 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 01-19/204 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Мереке ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Науырзым аудандық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дәмді ауылдық округінің әкімі С. Оразбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Науырзым

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Е.У. Бижанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитеті Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      Науырзым аудандық қоғамдық

      Денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________________ А.Х. Аңсағаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Науырзым ауданының ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________________ С.Ғ. Олжабаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.