Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
04.05.2018
Өзгерту күні
10.04.2018
Актіні қабылдаған орган
Сарыкөл ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 197 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қыркүйекте "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      Сарыкөл ауданының

      Веселоподол ауылдық

      округінің әкімі

      _______ Ж. Мейрембаев

  Мәслихаттың
2018 жылғы 10 сәуірдегі
№ 155 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Веселоподол ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Веселоподол ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Веселоподол ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Веселоподол ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Веселоподол ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Веселоподол ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Веселоподол ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Веселоподол ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Веселоподол ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Веселоподол ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қойып оны Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2018 жылғы 10 сәуірдегі
№ 155 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің Веселый Подол ауылының тұрғындары үшін

14

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің Ананьевка ауылының тұрғындары үшін

2


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.