"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
23.07.2018
Өзгерту күні
10.07.2018
Актіні қабылдаған орган
Шағалалы селолық округінің әкімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 қазанда № 1904 тіркелді, 2012 жылғы 29 қазанда аудандық "Аққайың", "Колос" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі тақырыбында, шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "в ауле", "аула" "аульного" сөздері "в селе", "села" "сельского" сөздерімен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі тақырыбы, шешімнің мәтіні, шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Г. Добромирова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ О. Плищенко

      2018 жылғы "10" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы әкімдігінің

      сәулет, құрылыс, тұрғын үй-

      коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      коммуналдық мемлекеттік

      мекемесінің басшысының

      міндетін атқарушы

      ______________________Б. Омаров

      2018 жылғы "10" шілде

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.