"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 149 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Әдістеме
Өзгерту
Қабылдау күні
15.05.2018
Өзгерту күні
27.04.2018
Актіні қабылдаған орган
Тайынша ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 149 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 4630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 9 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы мәслихатының
      XXIV сессиясының төрағасы Д.Жақыпов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы
      мәслихатының хатшысы Қ.Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 165 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  2018 жылғы 19 наурыздағы № 149
  шешімімен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

      2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы;

      3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

      4) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

      5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, немесе "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

      6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға – "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заң мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

      3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

      4. Оның нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

      Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

      5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар жоғары тұрған басшымен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) Бағалау жөнінде комиссия құрылады (бұдан әрі - Комиссия), оның жұмыс органы болып Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты саналады (бұдан әрі - Мәслихат аппараты).

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

      6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

      1) НМИ жетістіктерін бағалау;

      2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

      7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

      8. Бағалауға байланысты құжаттар, Мәслихат аппаратында лауазымдық міндеттемелеріне кадрлық жұмысын жүргізуге енген, кадрлар жөніндегі бас маманда сақталады (бұдан әрі - кадрлар жөніндегі бас маман), бағалау аяқталған күнінен бастап үш жыл ішінде сақталады.

2. НМИ анықтау тәртібі

      9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде құрылатын "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

      10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      11. Тікелей басшының жеке жұмыс жоспары жоғары тұрған басшымен бекітіледі.

      12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

      Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      13. НМИ:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

      2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

      4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

      5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болып табылады.

      14. НМИ саны 5 құрайды.

      15. Жеке жоспар Мәслихат аппаратында кадрлар жөніндегі бас маманда сақталады.

3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

      16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

      Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

      17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

      18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

      НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады.

      НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады.

      НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады.

      НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.

      НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

      19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      20. Тікелей басшының бағалау парағы жоғары тұрған басшының қарауына жіберіледі.

      21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

      1) бағалаумен келісу;

      2) түзетуге жіберу.

      22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

      23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      24. Бағалау парағына жоғары тұрған басшының қолы қойылғаннан кейін кадрлар жөніндегі бас маман, 2 жұмыс күнінен кем емес мерзімде оны Комиссияның қарауына енгізеді.

4. Құзыреттерді бағалау тәртібі

      25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

      26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.

      27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

      1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады.

      2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.

      28. Бағалау парағына тікелей басшының қолы қойылғаннан кейін кадрлар жөніндегі бас маман 2 жұмыс күнінен кем емес мерзімде оны Комиссияның қарауына енгізеді.

5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

      29. Кадрлар жөніндегі бас маман Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

      30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      34. Комиссияның хатшысы кадрлар жөніндегі бас маман болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      35. Кадрлар жөніндегі бас маман Комиссия төрағасымен келісілген мерзімге сәйкес Комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      36. Кадрлар жөніндегі бас маман Комиссия отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;

      37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.

      39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

      40. Кадрлар жөніндегі бас маман "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

      41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлар жөніндегі бас маман және Мәслихат аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадрлар жөніндегі бас маман "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі Мәслихат аппаратының интернет-порталы арқылы жолданады.

      43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

      44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

  "Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  аппараты" коммуналдық мемлекеттік
  мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  1-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
  Жоғары тұрған басшы
  ____________________________
  (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
  күні _____________________
  қолы ______________________

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________ Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________ _____________________________________________________________________

№ п/п

НМИ атауы

"Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түйінді нәтиже*















      * Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер

Қызметші
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
______________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________ 

  "Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  аппараты" коммуналдық
  мемлекеттік мекемесінің "Б"
  корпусы мемлекеттік әкімшілік
  қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  2-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
  Жоғары тұрған басшы
  ________________________________
  (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
  күні __________________________
  қолы _________________________

НМИ бойынша бағалау парағы

      ____________________________________________________ (Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)

      ____________________________________ (бағаланатын кезең)

№ п/п

НМИ атауы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді



















      Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

  "Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  аппараты" коммуналдық мемлекеттік
  мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  3-қосымша
  Нысан

Құзыреттер бойынша бағалау парағы

      _________________жыл (бағаланатын жыл)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________ Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________ ____________________________________________________________________

№ р/с

Құзыреттер атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)

Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару



2

Ынтымақтастық



3

Шешім қабылдау



4

Жеделділік



5

Өздігінен даму



6

Қызметті тұтынушыға бағдарлану *



7

Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *



8

Адалдық



9

Жауапкершілік



10

Бастамашылдық



11

Стресске орнықтылық



      *Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.

Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

  "Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  аппараты" коммуналдық
  мемлекеттік мекемесінің "Б"
  корпусы мемлекеттік әкімшілік
  қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  4-қосымша
  Нысан

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

Қызметтік басқару

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;
Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;
Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;
Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;
Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді;

E-4

Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.;
Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
Белгіленген мерзімдерді сақтайды.

Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
Сапасыз құжаттар әзірлейді;
Жедел жұмыс жасамайды;
Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

Ынтымақтастық

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;
Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;
Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;
Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

E-4

Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.

Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;
Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

Шешім қабылдау

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;
Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;
Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;
Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.

Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;
Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;
Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

Е-4

Қажетті мәліметтерді таба алады;
Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше Өзінің пікірін негіздей алады.

Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
Негізсіз пікір білдіреді.

Қызметті тұтынушыға бағдарлану

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;
Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасайды;
Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;
Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасамайды;
Сапасыз қызмет көрсетуге жолбереді, қызықпаушылық білдіреді.

Е-4

Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.

Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;
Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;
Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;
Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді;
Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.

Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;
Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;
Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

E-4

Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;
Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;
Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.

Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

Жеделділік

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;
Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.

Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

Е-4

Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;
Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.

Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

Өздігінен даму

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.

Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;
Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.

Е-4

Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;
Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;
Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.

Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
Өзінде бар дағдылармен шектеледі.

Адалдық

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;
Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
Жұмыста табандылықтанытады;
Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
Риясыздық, әділдік, адалниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.

Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;
Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;
Жұмыста табандылық танытпайды;
Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;
Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді;

Е-4

Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
Өзінің жұмысын адал орындайды;
Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.

Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады;

Стреске орнықтылық

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

Е-4

Сынғасабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

Жауапкершілік

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

Е-4

Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.

Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.

Бастамашылдық

E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы)

Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

Е-4

Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.

Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  аппараты" коммуналдық мемлекеттік
  мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  5-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
  Лауазымды тұлға
  ________________________________
  (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
  күні ______________________
  қолы ______________________

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      _________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

      _________________________________________________________________ (бағалау мерзімі жыл)

      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...





      Комиссия қорытындысы: _____________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссияның төрағасы: ___________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.