Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және "Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Нұсқаулық
Өзгерту
Қабылдау күні
21.01.2019
Өзгерту күні
17.01.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9527 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3 – 7-тармақтар алып тасталсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Орталық жасаған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдары есебінің түпнұсқасы;";

      1-қосымша алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2019 жылғы 17 қаңтардағы
  № 27 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережесінің 21-тармағының 19-57) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери қызметтен шығарылуға жататын әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеудің ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.

      2. Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – Орталық);

      2) әскери басқару органдары, әскери бөлімдер мен мекемелер жүзеге асырады.

      3. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін әскери қызметшінің жеке ісі шығарудың болжамды мерзіміне дейін 6 ай бұрын қызмет өткергенін растағаннан кейін Орталыққа жолданады.

      4. Әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) қызмет өткеретін әскери қызметшілердің қызмет өткеруін растауды офицерлер құрамына – кадр бөлімшесінің бастығы (кадр жұмысын жүргізуге жауапты), сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамының әскери қызметшілеріне – жасақтау органы (сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамы әскери қызметшілерінің жеке істерін жүргізуге жауапты) жүргізеді.

      Жеке істерді жолдау алдында қызметтік тізімде көрсетілген әскери қызметтің барлық кезеңдері, сондай-ақ жеңілдік шарттарында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін жазбалар тексеріледі және аттестаттау және қосымша құжаттар деректерімен салыстырылады және бұйрықтармен немесе тиісті құжаттармен расталады.

      5. Қызмет өткергенін растау үшін жеке істің қызметтік тізіміне басқару органы уәкілетті лауазымды адамының қолтаңбасымен, растау күнін көрсетумен елтаңбалы мөрмен расталатын жазба жасалады. Осы жазбада қызметтің барлық күнтізбелік, сондай-ақ жеңілдік шарттарында есептелетін кезеңдер көрсетіледі.

      Қызмет өткергенін растау туралы жазба мынадай тәртіппен жасалады:

      "__ жылғы "_" бастап ҚК қызмет өткергенін растаймын:

      Кеңес Армиясы қатарында __ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін;

      шет елдердің ҚК қатарында__ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін;

      ҚР әлеуетті құрылымдарының қатарында __ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін;

      ҚР ҚК қатарында __ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін;

      оның ішінде жеңілдікпен есептеумен__ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін;

      __ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін;

      __ жылғы "_" бастап __ жылғы "_" дейін".

      6. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу мынадай құжаттардан тұратын жеке істің бірінші данасы бойынша жүзеге асырылады:

      1) қызметтік тізім;

      2) бөлімшелер басшыларының бұйрықтарынан үзінділер не қызмет, оның ішінде жеңілдік шарттарында, өткергенін растайтын архивтік анықтамалар;

      3) мерзімді қызмет өткергенін растайтын құжат (әскери билеттің түпнұсқасы және/немесе көшірмесі немесе жергілікті әскери басқару органынан анықтама);

      4) басқа мемлекеттік органдарда немесе басқа елдердің Қарулы Күштерінде, оның ішінде жеңілдік шарттарында қызмет өткергенін растайтын құжаттар;

      5) еңбек кітапшасының түпнұсқасы және оның көшірмесі (еңбек өтілі болған кезде), дипломның, білімі туралы аттестаттың және куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің (әскери қызметші әйелдер үшін) көшірмелері және еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар;

      6) 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек өтілі болған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

      7. Жеңілдік шарттарын ескере отырып, әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) шалғайдағы жерлерде, сондай-ақ климаттық жағдайы күрделі жерлерде – әскери қызметшінің осы жергілікті жерге келуі және одан кетуі туралы бұйрықтардан үзінділер;

      2) биік таулы жерлерде – жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігін көрсетумен бұйрықтардан үзінділер не геодезия және картография саласындағы уәкілетті органның жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі туралы анықтамалары;

      3) авиациядағы ұшу жұмысында – ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 383 бұйрығымен бекітілген ұшу жұмысында ұшу уақытының нормаларын орындау туралы бұйрықтардан үзінділер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11901 болып тіркелген);

      4) міндеттерді орындау жүйелі парашютпен секірулерге байланысты лауазымдарда –парашютпен секіру нормаларын орындау туралы бұйрықтардан үзінділер.

      8. Биік таулы жерлерде қызмет өткеретін (өткерген) әскери қызметшілердің жеке істегі бұйрықтардан үзінділерде әскери қызметші қызмет өткеретін (өткерген) бөлімшенің теңіз деңгейінен қандай биіктікте орналасқаны көрсетілуге тиіс.

      9. Бұйрықтардан үзінділер болмаған жағдайда әскери қызметшінің қызмет өткеру кезеңдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125395 болып тіркелген) № 576 қаулысына сәйкес архивтік анықтамалармен расталуы мүмкін.

      10. Құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

      11. Орталық әскери қызметшінің жеке ісін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оның зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізеді.

      Зейнетақы төлемдеріне құқықты айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарының, оның ішінде еңбек өтілін ескере отырып есебі қызметтен шығарылуына байланысты бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні жасалады.

      12. Келіп түскен жеке іс толық жинақталмаған жағдайда Орталық 1 жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы көрсете отырып, бұл туралы бөлімшені хабардар етеді. Бөлімшелер 3 жұмыс күні ішінде Орталыққа хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды жолдайды.

      13. Еңбек сіңірген жылдарын (жұмыс өтілін) есептеу кезінде есептелетін кезеңнің басталған күні нақты басталған күнге сәйкес, ал аяқталған күні – есептелетін кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күнге сәйкес көрсетіледі. Бұл ретте зейнетақылар тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін кезеңдердің жиынтығы осы жылдағы нақты күндер санына қарамастан, бір жылда – 365 күн, ал бір айда – 30 күн.

      14. Запастан әскерге шақыру бойынша қызметке айқындалған офицердің қызмет мерзімінің басталуы жергілікті әскери басқару органының қызметке шақыру туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап, не офицердің нұсқама бойынша қызмет орнына кеткен күнінен бастап белгіленеді.

      15. Есепте әскери қызметтің барлық күнтізбелік кезеңдері және жеңілдіктер шарттарында еңбек сіңірген жылдарына есептелетін кезеңдер, сондай-ақ зейнетақыға жалпы еңбек сіңірген жылдары бөлек көрсетіледі.

      16. Зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдары және/немесе жалпы еңбек өтілі 25 жылдан аз болған жағдайда есепте "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығының болмауы туралы жазба жасалады.

      Есепте еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін құжаттарға қатысты жазбалар болуы мүмкін.

      17. Еңбек сіңірген жылдарының есебіне Орталықтың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, реттік нөмірін бере отырып, Орталықтың елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

      Әскери қызметшілер қызметтен шығарылған кезде бөлім тізімінен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдарының түпкілікті есебі жүргізіледі. Қорытындылары есептің екінші бетінде 20__ жылғы "___" ______ жағдай бойынша жалпы еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күнді құрайды, олардың ішінде: еңбек сіңірген жылдары - ___ жыл ___ ай ___ күнді, оның ішінде күнтізбелік есептеуде - ___ жыл ___ ай ___ күнді, еңбек өтілі - ___ жыл ___ ай ___ күнді, оның ішінде: күнтізбелік есептеуде - ___ жыл ___ ай ___ күнді құрайды" мөртаңбасын қоюмен шығарылады.

      18. Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі жалғыз данада осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке істерді есепке алу кітабында тіркеледі.

      Еңбек сіңірген жылдарының есебі жоғалған кезде Орталық жеке іс және лауазымды адамның есепті жоғалту фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдары негізінде еңбек сіңірген жылдары есебінің телнұсқасын береді.

      19. Әскери қызметке шақырылғанға дейін еңбек өтілі жоқ әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      20. Орталық зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есептері бекітілгеннен және "Еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығында жүргізілді" мөртаңбасы қойылғаннан кейін жеке істерді әскери қызметші әскери қызмет өткеретін бөлімшеге қайтарады.

      21. Зейнетақы төлемдеріне еңбек сіңірген жылдарының бекітілген есебі ол жасалған күннен бастап 1 жыл ішінде жарамды, әскери қызметші еңбек сіңірген жылдарына ықпал ететін жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда қайта қаралуға жатады.

      22. Жеке іс бөлімшеге келіп түскеннен кейін жауапты лауазымды адам әскери қызметшіні қол қойдырумен оның еңбек сіңірген жылдарының есебімен таныстырады. Әскери қызметші еңбек сіңірген жылдарының есебімен келіспеген жағдайда оның қарсылығы есеп келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қаралады.

      23. Егер әскери қызметшінің үздіксіз еңбек сіңірген жылдары 12 жыл 6 айдан аз болған жағдайда еңбек сіңірген жылдарының есебі қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілін есептемей жүргізіледі.

      Егер жеке іс еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін қайта келіп түскен жағдайда бұдан бұрын жасалған есеппен жеке іске тіркелетін жаңадан жасалған есеппен ауыстырылады және қызметтік тізімнің бірінші бетінде қайта есептеу күні туралы жазба жасалады және Орталықтың уәкілетті адамы қол қояды.

      24. Әскери қызметшінің қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілін есептеу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) еңбек кітапшасының төлнұсқасының және оның көшірмесінің (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек қызметі бар болған жағдайда), диплом, білімі туралы аттестат,балаларының туу туралы куәліктері көшірмелерінің, сот шешімінің не еңбек қызметін растайтын архивтік анықтама.

      Әскери қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер жеке істің қызметтік тізімінің тиісті бөлігінің деректеріне сәйкес болуы тиіс;

      2) міндетті зейнетақы жарналарының аударылғандығын растайтын салымшының транзиттік шоттары бойынша айналым ведомосының (1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметі бар болған жағдайда).

      1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметі бар болған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударылғандығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, еңбек өтілін растайтын құжаттарға қосымша тиісті органдардан жұмыс берушінің мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы анықтама ұсынылады.

      25. Еңбек өтілін есептеу үшін әскери қызметке шақырылғанға дейін дипломда немесе білімі туралы куәлікте оқуды бастаған күні көрсетілмеген жағдайда оқу жылын бастаған күні 1 қыркүйек болып белгіленеді.

      26. Әскери қызметші ұжымдық шаруашылықта мүшелікте болған жағдайда оның еңбек өтілі ұжымдық шаруашылық басқармасы белгілеген еңбекке араласуының жылдық нормасын (еңбеккүнді) орындауға тікелей байланысты айқындалады. Бұл ретте еңбеккүндерінің жылдық нормасын орындамаған жағдайда еңбек өтілі осы норманы орындаудың пайыздық қатынасын айқындау және бір жыл ішіндегі күндердің санына (365 күн) сүйене отырып, еңбек өтілі күндерінің санын шығару жолымен есептеледі.

      27. Әскери қызметшілер (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа) жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде бірге тұрған кезеңі мынадай құжаттармен расталады:

      1) отбасы құрамы туралы анықтама;

      2) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімнен (мекемеден) осы елді мекенде жұбайымен (зайыбымен) бірге тұрғандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауы туралы анықтама;

      3) Халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгендігі және көрсетілген жергілікті жерде көрсетілген мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауы туралы анықтама.

      28. Қызметке шақырылғанға дейін еңбек өтілі бар әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 24-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      29. Қызметке шақырылғанға дейін жеңілдік шарттарында есептелуге тиіс еңбек өтілі бар әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

  Қазақстан Республикасы
  Қарулы Күштерінің әскери
  қызметшілеріне еңбек
  сіңірген жылдарын есептеуді
  ұйымдастыру жөніндегі
  нұсқаулыққа
  1-қосымша
  Нысан

Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

Туған айы, күні және жылы

жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі

Жиыны:




2) Қызметтің бір айы үшін екі ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

Жиыны:




3) қызметтің бір айы үшін біржарым ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
























1) қызметтің бір айы үшін үш ай









Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Барлығы:







Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім








Барлығы:




Жалпы еңбек сіңірген жылдарының ЖИЫНЫ





Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Зейнетақыға толық жылдар саны


      20 _ жылғы "__"__________       Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      _____________________________________

      Қызмет маманы _______________

      Қызмет бастығы_______________________

      Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін)

      қолы            керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
  Қарулы Күштерінің
  әскери қызметшілеріне еңбек
  сіңірген жылдарын есептеуді
  ұйымдастыру жөніндігі
  нұсқаулыққа
  2-қосымша
  Нысан

Еңбек өтілін ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

Туған айы, күні және жылы

жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі

Жиыны:




3. Еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Жиыны:




2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




1) қызметтің бір айы үшін біржарым ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Жалпы еңбек өтілі





Жалпы еңбек сіңірген жылдары




Зейнетақыға толық жылдар саны


      20 _ жылғы"__"________      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      _____________________________________

      Қызмет маманы _______________

      Қызмет бастығы_______________________

      Есеппен таныстым __________________ (келісемін, келіспеймін)

      қолы            керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
  Қарулы Күштерінің
  әскери қызметшілеріне еңбек
  сіңірген жылдарын есептеуді
  ұйымдастыру жөніндегі
  нұсқаулыққа
  3-қосымша
  Нысан

Еңбек өтілін, оның ішінде жеңілдік шарттарындағыны ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)


жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

Туған айы, күні және жылы

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі

Жиыны:




3. Еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

Жиыны:




3. Жеңілдік шарттарында есептелінетін еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:










1) Қызметтің бір айы үшін біржарым ай







Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Барлығы:







Жеңілдік шарттарында есептелетін еңбек өтілі







Барлық еңбек өтілі




Барлығы:




Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Жалпы еңбек өтілі





Жалпы еңбек сіңірген жылдары




Зейнетақығ атолық жылдар саны


      20 ___ жылғы "__"_____            Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      __________________________

      Қызмет маманы_______________________

      Қызмет бастығы_______________________

      Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін)

      қолы            керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
  Қарулы Күштерінің әскери
  қызметшілеріне еңбек сіңірген
  жылдарын есептеуді
  ұйымдастыру жөніндегі
  нұсқаулыққа
  4-қосымша
  Нысан

Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)


жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

Туған айы, күні және жылы

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі

Жиыны:




3. Еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
























Жиыны:




Жиыны:
































Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




2. Жеңілдіктер шарттарында есептелінетін қызмет кезеңдері

Жиыны:




2) Қызметтің бір айы үшін біржарым ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:




1) Қызметтің бір айы үшін үш ай













Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Барлығы:







Еңбек сіңірген жылдарына есептелінетін мерзім








Барлығы:




Жалпы еңбек сіңірген жылдарының жиыны





Еңбек сіңірген жылдарына есептелінетін мерзім




Зейнетақыға толық жылдар саны


      20 _ жылғы "__"_______            Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      _____________________________________

      Қызмет маманы _______________

      Қызмет бастығы_______________________

      Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін)

      қолы            керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
  Қарулы Күштерінің әскери
  қызметшілеріне еңбек сіңірген
  жылдарын есептеуді
  ұйымдастыру жөніндегі
  нұсқаулыққа
  5-қосымша
  Нысан

      ______ жылға дейін _____ жыл сақталсын

      ______________________________

      №_____________-тармағы

      Мүк. №_____________

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке істерді есепке алу КІТАБЫ

      (______ бастап______дейін, _____том )

      20___жылғы "___"_________ басталды 20___жылғы "___"_________ аяқталды

Реттік саны

Іс қайдан келіп түсті

Келіп түскен күн

Әскери атағы

























































































































































































Т.А.Ә.

Іс қайда жолданды

Жолданған күн

Орындаушы

Ескертпе







































































































































































































































  Қазақстан Республикасы
  Қарулы Күштерінің әскери
  қызметшілеріне еңбек сіңірген
  жылдарын есептеуді
  ұйымдастыру жөніндегі
  нұсқаулыққа
  6-қосымша
  Нысан

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштық мөртаңбасы

АНЫҚТАМА

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ол ________ жылғы _____________ бастап _______ жылғы _____________ дейінгі кезеңде

      расымен ____________________________________ қызмет еткен зайыбымен (жұбайымен)

      (әскери бөлім (мекеме) өңірдің көрсетілуімен

      ______________________________________________________ бірге тұрғандығы және ол бұл

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      гарнизонда мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмағандығы туралы берілді.

      Әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) ___________________________________

      М.П.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.