Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
09.02.2019
Өзгерту күні
07.02.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14164 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарда:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Пошта төлем белгілерінің номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай әріптер пайдаланылады:

      "А" - заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде 20 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "В" - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 50 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "С" - Қазақстан Республикасының шегінде 50 грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "N" - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 10 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "М" - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 грамға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді.".

      2. "Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі №119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15055 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарда:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Пошта маркаларының, блоктардың, маркіленген хат қалталардың және (немесе) пошта карточкаларының номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай латын әріптері пайдаланылады:

      "А" - заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде- 20 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "В" - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 50 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "С" - Қазақстан Республикасының шегінде 50 грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "N" - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 10 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;

      "М" - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 грамға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді."

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.