"Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 672 бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 2-НҚ бірлескен нормативтік қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Нормативтік қаулы
Қабылдау күні
12.02.2019
Өзгерту күні
08.02.2019
Актіні қабылдаған орган
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 672 бұйрығының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 2-НҚ бірлескен нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13128 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Ә. Смайылов
     
      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің төрағасы
      ______________ Н. Годунова

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.