Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
12.02.2019
Өзгерту күні
05.02.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазы мен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдар мен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 30 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдер мен қамтамасыз етудің заттай нормалары" деген 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

2

Президент Әкімшілігі

Президент Әкімшілігінің Басшысы

1



3100


Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

1



2500


Президенттің көмекшісі– Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

1



3100


Президенттің көмекшісі

1



3100


Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

1************



2500


Президент Кеңсесінің бастығы

1***********



3100


Президенттің Баспасөз хатшысы

1



3100


Президенттің Протокол бастығы

1



3100


Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы

1



2500


Астана қаласында көліктік қызмет көрсету

16*********

1*********


2600


Алматы қаласында

1*********

6*********


2600


Қонақтарға арналған


25


***

  ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

5

Премьер-Министрдің Кеңсесі

Премьер-Министрдің орынбасары

1



3100

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

1********



3100



Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1



2000



Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету

12

1


2600



Қонақтарға арналған


14


***

  ";

      ******** және ********* ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "******** осы заттай нормасы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады

      ********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" мемлекеттік мекемесі үшін – 2 бірлік";

      *********** және ************ ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*********** осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады

      ************ осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларына да қолданылады";

      ************* ескертпе алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
А. Смайылов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.