"Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
14.02.2019
Өзгерту күні
11.02.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестрінде № 12457 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасын Азаматтық процестік кодексінің 282-бабының бесінші бөлігіне, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 347-1-бабының бесінші бөлігіне, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 829-13-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сот отырысының хатшысы сот отырысының аудио-, бейнежазбасын, аудио-, бейнежазба құралдарымен қамтамасыз етеді, оның барысында міндетті түрде сот процесіне әрбір қатысушының сөз сөйлеуін тіркейтін дыбыс белгісін, сондай-ақ қысқаша хаттамадан кейін тізімдемеде көрсетіле отырып, іс материалдарына қоса тіркелетін бір данада материалдық (электрондық) жеткізгіштегі көшірменің жазбасын қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппараты)
басшысының м.а.
Қ.Елібаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.