"Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Регламент
Қабылдау күні
22.02.2019
Өзгерту күні
20.02.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 20 ақпандағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген

"Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 837 бұйрығымен бекітілген "Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18113 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) және босқынның жол жүру құжатын беру рәсімін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Министрлік туралы" бөлімде "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - босқынның жол жүру құжатын беру, босқынның жол жүру құжатында жарамдылық мерзімін ұзарту не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту туралы жазбаны қою.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді бастау негізі көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (2 дана) және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар пакетін қабылдауы болып табылады.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      7. Аумақтық көші-қон қызметтері бөліністеріне жүгенген кезде көрсетілетін қызмет алушыға толтыру үшін Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі (2 данада) беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш бланкісін толтырады, онда қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар ұсынылатыны көрсетіледі (босқынның жол жүру құжатын беру, босқынның жол жүру құжатын ауыстыру, босқынның жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін ұзарту).

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен құжаттар пакетін ұсынған кезде ұсынылған құжаттардың толықтығын және өтініш иесі деректерінің (босқын мәртебесінің болуы) ішкі істер органдарының есебінде болуын 30 минут ішінде тексеруді жүргізеді.

      9. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) босқынның есебі бойынша өтініш иесінің деректері болмаған жағдайда өтініш иесінің құжаттар пакетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен өтініш иесіне қайтарады;

      2) босқындардың есебі бойынша мәртебесінің болуы расталған жағдайда:

      босқынның "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығуын шектеуге әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтау мақсатында:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі- ҰҚК), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің (бұдан әрі – САОД), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) аумақтық бөліністеріне:

      босқынның жол жүру құжатын беру кезінде – күнтізбелік 30 күн ішінде;

      ауысқан кезде – күнтізбелік 15 күн ішінде;

      ұзартқан кезде – күнтізбелік 5 күн ішінде сұрау салу жолданады;

      ішкі істер органдарының есептері (ІІМ деректер базасында) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (ҚСжАЕАК) ақпараттық жүйесі бойынша тексеру – 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      10. Ақпараттық жүйелер бойынша тексеру жүргізілгеннен және мемлекеттік органдардың жауаптары алынғаннан кейін, олардың нәтижелері мемлекеттік қызметті көрсетуге кедергі келтірмесе, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 391 бұйрығымен бекітілген Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11202 тіркелді) 10-16-тармақтарына сәйкес жол жүру құжатын ресімдейді:

      босқынның жол жүру құжатын беру кезінде – күнтізбелік 30 күн ішінде;

      ауысқан кезде – күнтізбелік 15 күн ішінде;

      ұзартқан кезде – күнтізбелік 5 күн ішінде.

      11. Осы Регламенттің 10-тармағында көзделген әрекеттерді орындағаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету аяқталды деп есептеледі.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасу реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында айқындалады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон қызмет бөліністерінде орналасқан стенділерінде орналастырылады.

  "Босқынның жол жүру құжатын
беру" мемлекеттік қызметінің
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның өзара байланыстың сызбасы

      Көрсетілетін қызметті                                     Көрсетілетін қызметті

                  алушы                                                 беруші



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.