Күшін жойған

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
26.02.2019
Өзгерту күні
07.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президенті Кеңсесі бастығының 07.10.2019 № 19-42-3.3.17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде № 14503 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған № 246 (28974) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген 3-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары - бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесінің бастығы
М. Қасымбеков

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      М. Әбілқасымова

      2019 жылғы 15 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-42-3.3.6 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2016 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 42-3.3.12 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1-1

Басшының орынбасары

А2

1

Бас бухгалтер

1-1

Бас бухгалтердің орынбасары

2

Қызмет басшысы: қаржы-әкімшілік; Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ғылыми және әдістемелік сүйемелдеу; Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарымен өзара қатынас және бұқаралық-ұйымдастыру жұмысы; Достық үйі қызметін қамтамасыз ету

2-1

Қызмет басшысының орынбасары: Достық үйі қызметін қамтамасыз ету

А3

1

Бөлім басшысы: кадрлық, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау; материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу

В блогы (негізгі персонал)

В1

2

Бас сарапшы

3

Жетекші сарапшы

4

Аға сарапшы, кеңесші

5

Сарапшы

С блогы (әкімшілік персонал)

С1


Бас инспектор, бас әкімгер, бас инженер, бас энергетик, бас экономист, дизайнер, кітапхана меңгерушісі, қойма меңгерушісі

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, аудармашы, желілік әкімгер, ғимараттың әкімгері, инспектор, инженер, заң кеңесшісі, кадрлар және құжаттама жөніндегі инспектор

С3


Механик


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.