"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Нормативтік қаулы
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
16.04.2019
Өзгерту күні
12.04.2019
Актіні қабылдаған орган
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұлттық комиссияның міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ұлттық комиссияның функциялары";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның мүшелерін мүдделер қақтығысы (Ұлттық комиссия мүшесінің жеке қызығушылығы объективті шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін) немесе оның туындау мүмкiндiктері туралы Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша түрде хабарлау қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары немесе Ұлттық комиссияның мүшесінің кандидатқа тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi болған жағдайда, Ұлттық комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзiне белгiлi болған сәтте Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша түрде хабарлайды.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды уақтылы қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Ұлттық комиссия мәлімделген санатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беру үшін жеткілікті болатын кандидаттың кәсіби даярлығының деңгейін және жеке қасиеттерін, сондай-ақ оның Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 болып тіркелген) бейілділігін айқындауға әңгімелесу өткізеді.

      Барлық кандидаттар үшін қойылатын сұрақтардың саны бірдей болады және сұрақтар кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдына қойылған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Дауыс берудің нәтижелері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына енгізіледі.

      Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Ұлттық комиссия мүшелерінің кандидатқа сұрақтар қоюға құқығы жоқ және дауыс беруге қатыспайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық комиссияның жұмысы бекітілген жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық комиссияның отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өткізіледі.

      Ұлттық комиссияның отырысы Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет өткізіледі.

      Ұлттық комиссия төрағасының шешімі бойынша Ұлттық комиссияның кезектен тыс отырыстары өткізіледі, бірақ тоқсанына екі реттен артық өткізілмейді.".

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.