Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
08.05.2019
Өзгерту күні
03.05.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2019 жылғы 3 мамырдағы
  № 126 бұйрығымен
  бекітілген

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру қағидалары

      1. Осы қағидалар "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына (бұдан әрі – мемлекеттік кітапхана) "Орталық" мәртебесін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік кітапханаларға "Орталық" мәртебесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) береді.

      3. "Орталық" мәртебесі:

      1) қолданысында:

      әмбебап сипаттағы кітапхана қоры;

      мерзімді баспа басылымдары бар;

      2) қызмет аясында:

      кітапхана ісінің инновациясын анықтау, тарату және енгізу бойынша;

      мемлекеттік кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету бойынша;

      мемлекеттік кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру бойынша;

      мемлекеттік кітапханалар пайдаланушыларының барлық санаттарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бойынша;

      ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды ұйымдастыру бойынша (құжаттарды электронды жеткізу, кітапханааралық абонемент, жиынтық электрондық каталогтар, электрондық ресурстар құру) қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кітапханаларға беріледі.

      4. "Орталық" мәртебесін беру үшін мемлекеттік кітапхана басшысы жергілікті атқарушы органның қарауына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Орталық" мәртебесін беру туралы өтініш енгізеді.

      Өтінішке кітапхана қызметінің сипаттамасы көрсетілген мынадай ақпараттар:

      кітапхана қоры туралы мәліметтер;

      пайдаланушылар туралы мәлімет;

      кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер;

      кітапхана ісінің инновациясын анықтау, тарату және енгізу, ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды ұйымдастыру туралы мәліметтер;

      мемлекеттік кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету және мемлекеттік кітапханалар пайдаланушыларының барлық санаттарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бойынша мәліметтер қоса беріледі.

      5. Жергілікті атқарушы орган құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарастырады және "Орталық" мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жергілікті атқарушы орган қабылданған шешімді екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кітапхананың басшысына жолдайды.

      6. Мемлекеттік кітапханаға "Орталық" мәртебесін беруден бас тартуға мыналар негіз болады:

      1) мемлекеттік кітапхананың осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес емес нысан бойынша "Орталық" мәртебесін беру туралы өтінішті ұсыну;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну.

  Тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің жергілікті атқарушы
органдары құжаттардың
әмбебап жинақтарын
қалыптастыруды, сақтауды және
кітапхана пайдаланушыларына
беруді жүргізетін, кітапхана
ресурстарын өзара пайдалануды
ұйымдастыруды жүзеге
асыратын және басқа
кітапханаларға әдістемелік
көмек көрсететін облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың, қалалық
және аудандық, облыстық
маңызы бар қалалардың
кітапханаларына "Орталық"
мәртебесін беру қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың
____________________________
және астананың жергілікті
атқарушы органы)
____________________________
____________________________
(мемлекеттік кітапханың атауы
және басшысының тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)

Өтініш

      ____________________________________________________________________

                        (Мемлекеттік кітапхананың атауы)

      ____________________________________________________________________

                              (орналасқан жері)

      "Орталық" мәртебесін беруді сұраймыз.

      Өтініш берушінің қолы _______________ Дата __________________

                                    Мөр орны (болған жағдайда)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.