"Тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 6001-16-7-6/149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
21.06.2019
Өзгерту күні
14.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 6001-16-7-6/149 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13703 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өту туралы үлгілік келісім, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) (бұдан әрі - Департамент) Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Соттар әкімшісінің басшылары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департаменттің Персоналды басқару бөліміне (кадр қызметіне) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) басшысы
Н. Ахметзакиров

  Қазақстан Республикасы
  Жоғарғы Соты жанындағы
  соттардың қызметін қамтамасыз
  ету департаменті (Қазақстан
  Республикасы Жоғарғы Сотының
  аппараты) басшысының
  2016 жылғы 13 сәуірдегі
  № 6001-16-7-6/149
  бұйрығымен бекітілді

Тағылымдамадан өту туралы
ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМ

___________________________
(келісімнің жасалған орны)

20__жылғы "__"__________ (жасалған күні)

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

      жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - уәкілетті орган) атынан ________________________

      соттар әкімшісінің басшысы                              (Соттар әкімшісінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _________________________________________________________________

      бір тараптан, бұдан әрі Судьялыққа кандидат деп

      аталатын _________________________________________________ екінші тараптан және

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын _______________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс берушінің лауазымы)

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен

      бекітілген Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуі туралы ережеге (бұдан әрі –

      Ереже) сәйкес және

      ____________________________________________________________________

      (облыстық және оған теңестірілген соттың атауы)

      төрағаcының _____________ жылғы___________ № _____өкімінің негізінде Тағылымдамадан

      өту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.

      Тағылымдамадан өту орны:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

1. Келісім нысаны

      1. Осы Келісімнің нысаны судьялыққа кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу, оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау, судьялыққа кандидаттың жергілікті соттарда жұмыстың ерекшеліктерін зерделеуі, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеруі мақсатында оның тағылымдамадан өтуі кезінде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынастары болып табылды.

2. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі

      2. Тағылымдамадан өту негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      3. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі Ереженің 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Тағылымдамадан өту кезеңінде жұмыс беруші судьялыққа кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс береді.

      5. Тағылымдамадан өту кезеңінде "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысымен белгіленген судьялыққа кандидатқа бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      6. Уәкілетті орган:

      1) судьялыққа кандидаттан осы Келісімнің шарттарын, жұмыс істеу тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін сақтауды талап етуге;

      2) судьялыққа кандидат осы Келісімде белгіленген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тағылымдама үйлестірушісі - облыстық сот судьясына жазбаша түрде хабарлауға;

      3) судьялыққа кандидат тағылымдамадан өту кезеңінде келтірген материалдық залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

      7. Уәкілетті орган:

      1) судьялыққа кандидатты тағылымдамадан өту үшін облыстық сот төрағасының өкімімен белгіленген аудандық және оған теңестірілген соттарда (бұдан әрі - аудандық сот), облыстық және оған теңестірілген соттарда (бұдан әрі - облыстық сот) қауіпсіз еңбек жағдайымен жұмыс орнымен қамтамасыз етуге;

      2) судьялыққа кандидаттың тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалдық-техникалық құралдарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      3) судьялыққа кандидаттың аудандық немесе облыстық сотта тағылымдамадан өтудің бекітілген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;

      4) судьялыққа кандидатқа жалақының белгіленген сомасын уақтылы және толық көлемде төлеуге;

      5) судьялыққа кандидатты облыстық сот төрағасының, уәкілетті орган басшысының актілерімен таныстыруға міндетті.

      8. Судьялыққа кандидаттың:

      1) уәкілетті органнан осы Келісімнің орындалуын талап етуге;

      2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуына;

      3) тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындауға қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалдық-техникалық құралдарға қол жеткізуге;

      4) жалақының белгіленген сомасының уақтылы және толық көлемде төленуіне;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыруға;

      6) заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;

      7) еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына құқығы бар.

      9. Судьялыққа кандидат:

      1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің үлгі бағдарламасының негізінде әзірленген тағылымдамадан өтудің жеке жоспарының іс-шараларын орындауға;

      2) тағылымдама күнделігін жүргізуге;

      3) тағылымдамадан өту барысында алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын, қадiр-қасиетiн қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге;

      4) іскерлік әдепті сақтауға, киімнің іскерлік талаптарын ұстануға;

      5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;

      6) еңбек тәртібін сақтауға;

      7) тағылымдама ұйымдастырылған соттың ішкі тәртіптеріне бағынуға;

      8) аудандық, облыстық сотта тағылымдамадан өтудің белгіленген мерзімін, ережесін және тәртібін сақтауға;

      9) еңбек қызметін куәландыратын құжаттарды, жеке куәлігін, карталық базада 20 сандық ағымдағы есеп шот ашқандығы туралы хабарламаны, электрондық нұсқадағы фотосурет ұсынуға;

      10) мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалануға;

      11) ____________________________________________________________

      _______________________________________________________ сот(тар)ындағы

      (жалпы отырыстың оң қорытындысының қолданысы кезеңінде)

      судьялардың бос лауазымдарына арналған конкурсқа қатысуға;

      12) судьялардың тиісті бос лауазымдарына конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, оны тағылымдамадан өтуге жұмсалған мемлекет қаражатын қайтаруға міндетті.

      10. Жұмыс беруші:

      1) судьялыққа кандидаттан уәкілетті органмен және жұмыс берушімен қатынастарда міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге құқылы.

      11. Жұмыс беруші:

      1) тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа жалақысы сақталмайтын демалыс беруге;

      2) тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидаттың жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға;

      3) тағылымдама аяқталғаннан кейін судьялыққа кандидатқа бұрынғы лауазымына сәйкес жұмыс беруге міндетті.

4. Өзге шарттар

      12. Осы Келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір-бір данадан үш данада жасалды.

      13. Келісімнің қолданысы:

      1) тағылымдамадан өту мерзімі аяқталған;

      2) Ереженің 4-тармағында көзделген негіздер бойынша тағылымдама тоқтатылған;

      3) Ереженің 19-тармағына сәйкес тағылымдамадан өту мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасыylf көзделген өзге жағдайларда қолданысы тоқтатылады.

      14. Осы Келісім тағылымдама басталған күнінен бастап күшіне енеді.

      Тараптардың мекенжайы мен деректемелері

Соттар әкімшісі
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
_____________________
(қолы)
Мөрдің орны

Судьялыққа кандидат
______________________
______________________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
_________
(қолы)

Жұмыс беруші
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
_____________________
(қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: Егер судьялыққа кандидат еңбек қатынастарында болмаса, тағылымдамадан өту туралы келісім уәкілетті орган басшысы мен судьялыққа кандидат арасында жасалады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.