Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының прокуратура органдарында әскери қызмет өткеру мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
27.06.2019
Өзгерту күні
21.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының прокуратура органдарында әскери қызмет өткеру мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11236 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37 бабының 6) тармақшасын, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 38, 40 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 22, 27 тармақтарын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:";

      2) "Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 15754 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 10 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясының қызметі қағидаларында 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан, ведомстволық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй беру не мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шешім қабылдау;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес әскери қызметшілердің және қызметкерлердің өтініштері мен құжаттарын тексеруді және қарауды қамтамасыз ету;

      3) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша алу, жекешелендіру тәртібінда меншігіне сатып алу не бұдан бұрын жалдау шарты бойынша берілген тұрғынжайды ауыстыру үшін өтініш білдірген әскери қызметшілердің баянаттарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету;

      4) әскери қызметшілердің тұрғынжайға мұқтаж қызметкерлер тізіміне қосу, сондай-ақ қызметтік тұрғынжай алу және (немесе) тұрғынжайларын жақсарту туралы өтініштерін қарау;

      5) әскери қызметшілер мен қызметкерлердің баянаттары мен өтініштерін қанағаттандыру не оларға тұрғынжай беруден дәлелді бас тарту, не оларды тұрғынжайға мұқтаждар тізімінен шығару, қызметтік тұрғынжайды жалдау шартын жасасу және ұзарту туралы хаттамалық шешім қабылдау;

      6) әскери қызметшілер мен қызметкерлердің баянаттары мен өтініштерін, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды сақтау және жүргізу.".

      3. Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықпен әскери прокуратура органдарының жеке құрамы таныстырылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ғ. Нұрдәулетов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.