"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Нормативтік қаулы
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
28.06.2019
Өзгерту күні
24.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қадағалаушылар – емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын, мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) тәуелсіз сыртқы өкілдері және жоғары оқу орындарының оқытушылары;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Емтихан комиссиясын:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін уәкілетті органмен келісе отырып, білімді растау жөніндегі ұйымдар адамдардың тақ санынан (кемінде бес) қалыптастырады.

      Емтихан комиссиясының құрамына: білімді растау жөніндегі ұйымның үш өкілі, сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетінің бір өкілі, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бір өкілі, үкіметтік емес ұйымның бір өкілі кіреді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан комиссиясы жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында емтихан өткізу процесіне қадағалаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      Емтихан комиссиясы туралы ережені:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін уәкілетті органмен келісе отырып, білімді растау жөніндегі ұйым әзірлейді және бекітеді.

      Емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз қадағалаушылардың құқықтары мен міндеттері, емтихан комиссиясының мүшелерін іріктеу кезінде оларға қойылатын өлшемшарттар мен талаптар, комиссия мүшелерінің өкілеттіктерінің мерзімдері, емтихан комиссиясы мүшелерінің шешімдер қабылдау рәсімдері және емтихан комиссиясы мүшелерінің тарапынан мүдделер қақтығысы Емтихан комиссиясы туралы ережемен айқындалады.

      Білімді растау жөніндегі ұйым қадағалаушыны оның құқықтары мен міндеттері көрсетілген жадынамамен таныстырады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Емтихан комиссиясы кандидаттардың емтихан жұмыстарын күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тексеріп, бағалайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) кандидат тапсырған пәні бойынша жинақталған "өту балына" қол жеткізсе, емтиханнан өтті (оң нәтиже);

      2) кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған "өту балына" қол жеткізе алмаса, емтиханнан өте алмады (теріс нәтиже).

      Оң нәтиже алған кандидаттарға білімді растау жөніндегі ұйым емтихан комиссиясының хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Білімді растау туралы сертификат береді.

      Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтері қолжетімділігі шектелген ақпарат болып табылатын адамдардың білімді растау бойынша емтихан нәтижелерінің қорытындыларын қоспағанда, білімді растау бойынша емтихан нәтижелерінің қорытындылары емтихан комиссиясының хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білімді растау жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында жарияланады.";

      45-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қол қойылған күні, кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіліп, оның кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері сипатталған, басшы (оны алмастыратын адам) немесе жауапты хатшы (аппарат басшысы) немесе мемлекеттік саяси қызметші немесе жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаты бар адам қол қойған мемлекеттік қызметшілерге арналған мінездемені ұсынады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық комиссияның жұмыс органы ұсынылған құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға кандидаттың сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады, әңгімелесу өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер әр кандидат бойынша мәліметтер қалыптастырады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Ұлттық комиссияның отырысы аудио және бейне жазбаға түсіруге жатады.

      Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен жазбаға түсіріледі.

      Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен жазбаға түсірілген материалдар әңгімелесу аяқталған күннен бастап алты ай бойы Ұлттық комиссияның жұмыс органында сақталады.";

      1-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымша осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2019 жылғы
24 маусымдағы № 9-НҚ
нормативтік
қаулысына 1-қосымша
  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия
____________________________
__________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)

ӨТІНІШ

      "________________________________" біліктілігін иеленуге әңгімелесуден

      өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Үйінің мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының № __________________

      ____________________________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы: __________________________________

      Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:


("белгімен" көрсету)

жеке куәліктің көшірмесі;

жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – "Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;


бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктіліктің берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

саяси мемлекеттік қызметшілерді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелерін қоспағанда, білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесі;

жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

3х4 мөлшеріндегі фотосурет (жеке іске);

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерінің жиналуына және өңделуіне келісу туралы өтініш;

қол қойылған күні, кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіліп, оның кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері сипатталған, басшы (оны алмастыратын адам) немесе жауапты хатшы (аппарат басшысы) немесе мемлекеттік саяси қызметші немесе жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаты бар адам қол қойған мемлекеттік қызметшілерге арналған мінездеме.

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына және олардағы мәліметтердің анықтығына жауап беремін.


      Толтырылған күні: 20___жылғы "_____" _________            ________________

      (қолы)


  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2019 жылғы
24 маусымдағы № 9-НҚ
нормативтік
қаулысына 2-қосымша
  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан

      _________________________________________________________

      Білімді растау жөніндегі ұйымның атауы

Білімді растау туралы СЕРТИФИКАТ

      Білімді растау жөніндегі ұйымның электрондық дерекқорында

      20___ жылғы "___" ________ № 00____ болып тіркелген

      Осы сертификат_______________________________________________________________

      (кандидаттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тегі) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      мынадай сертификаттау пәндері бойынша оң нәтиже алғандығын растайды:

Пәндердің атауы

Нәтиже (балл)

Растайтын құжат

1

Сәйкестік аудиті



2

Тиімділік аудиті



3

Қаржылық есептілік аудиті



4

Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау



5

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау



      Сертификаттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы "_____" ______________

      Басшы

      (Білімді растау жөніндегі ұйым)

      _______________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Мөрдің орны

      Емтихан комиссиясының хатшысы            __________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2019 жылғы
24 маусымдағы № 9-НҚ
нормативтік
қаулысына 3-қосымша
  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге
үміткер туралы мәліметтер

      1. Жалпы мәліметтер

      1) Т.А.Ә. (болған жағдайда);

      2) лауазымы, жұмыс орны;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігі (тиісті саланың ішкі мемлекеттік аудиторы, мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор);

      4) туған күні (күні, айы, жылы);

      5) мемлекеттік, ведомстволық және мерекелік медальдары және наградалары, құрметті атақтары, көтермелеулері;

      6) білімі туралы мәліметтер;

      7) жалпы өтілі;

      8) мыналардағы:

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы (болған жағдайда);

      қаржы саласындағы (болған жағдайда);

      аудит саласындағы халықаралық ұйымдардағы (болған жағдайда);

      квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі (болған жағдайда) жалпы өтілі;

      9) лауазымдық ауысуы;

      10) тәртіптік жазалары туралы мәліметтер (болған жағдайда).

      2. Білімін растаудан өту нәтижелері туралы ақпарат.

      Дайындалған күні: __________

      Ұлттық комиссия хатшысының қолы: ________________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.