"Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
03.07.2019
Өзгерту күні
26.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ҚР Президентінің 26.12.2018 ж. N 806 Жарлығымен құрылды)

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің № 8 (28232) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тестіні (тестілеу жүйесін) таңдауды ИКАО тілдерді білімді бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейі туралы біліктілік белгісін алуға жататын әрбір маманның өзі таңдайды. Бұл ретте тестіні (тестілеу жүйесін) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) мақұлдайды.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тест алушы ұйымның қызметі уәкілетті ұйымның осы Қағидалардың нормаларын сәйкестігіне келісу рәсімін жүргізуін талап етеді.

      14. Тест алушы ұйымның филиалдары немесе өкілдері уәкілетті ұйымның дәл осындай келісу рәсімінен өтеді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Радиотелефон байланысын жүзеге асыратын авиациялық персоналды тестілеу жөніндегі нұсқау келісіледі, ал тест алушы топтың қатысушылары туралы біліктілік ақпараты бар тізімі қоса берілген Қосымша тестіні (тестілеу жүйесін) келісу рәсімін өткізгенге дейін, уәкілетті ұйыммен бекітіледі.

      19. Радиотелефон байланысын жүзеге асыратын авиациялық персоналды тестілеу жөніндегі нұсқауды келісу және оған Қосымшаны бекіту үшін уәкілетті ұйымға ерікті нысандағы өтініш пен тест алушы топтың қатысушылары құжаттарының (базалық білім туралы, емтихан алушылар және/немесе рейтерлер курстарын аяқтағандығы туралы құжат) көшірмелері де жолданады.

      23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Нұсқау мен Сертификат Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымның тестілеу жүйесін келісудің ажыратылмас бөлігі болып табылады.

      24. Радиотелефон байланысын жүзеге асыратын авиация персоналын тестілеу бойынша нұсқаудың оған қосымшаны уәкiлеттi ұйыммен келiсу рәсiмінiң және бекiтуiнің жалпы мерзiмi өтінішті алған сәттен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күнді құрайды.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес актісі анықталған немесе Нұсқаудың мазмұны осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi ұйым белгіленген мерзімдерде өтiнiш берушiге өтінішті онан әрі қарастыру туралы жазбаша дәлелдi бас тартуды береді.

      25. Тестіні (тестілеу жүйесін) әзірлеу сатысы тестілеуге жатпайды және уәкілетті ұйымның келісуін талап етпейді.";

      76, 77, 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Тестіні (тестілеу жүйесін) уәкілетті ұйымда келісу рәсімінен өткізу қажет.

      77. Тест алушы ұйым (филиал, өкілдері) келісу рәсімін өткізу үшін уәкілетті ұйымға еркін нысандағы өтінішті береді.

      78. Уәкілетті ұйым өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады және келісу рәсімін өткізу туралы шешім қабылдайды.

      79. Уәкiлеттi ұйым келісу рәсімін өткізу басталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей келiсу рәсiмiн бастаған күн туралы өтiнiш берген ұйымға жазбаша хабарлайды. Бұл ретте келiсу рәсiмiнің жалпы мерзiмі 20 (жиырма) жұмыс күнiнен аспайды.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Келісу рәсімін өткізгенде жоғары сапа дәрежесін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ уәкілетті ұйымда радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға тестілеу саласындағы білікті персонал болмаған жағдайда, шеттегі білікті мамандардың барлық санаттарын тартуға рұқсат етіледі.";

      86-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті ұйыммен келісілген Нұсқаудың, сондай-ақ Нұсқауға бекітілген қосымшасының бар болуын;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.