"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
05.07.2019
Өзгерту күні
28.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11509 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      "1) "Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру" осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) "Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру", осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру", осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

      6) "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;

      7) "Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін, осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;

      8) "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру" осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес.";

      аталған бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  Төрағасының
  2019 жылғы 28 маусымдағы № 46/қе бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  Төрағасының
  2015 жылғы 27 мамырдағы
  № 43 бұйрығына
  1-қосымша

"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көзделген өзге де құжаттарды алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің өтінішті тіркеуі және жауапты орындаушыға түскен күні жолдауы;

      2) лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) өтінішті қарауы, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі:

      лицензия беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде.

      3) орындаушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыруы және қол қоюға жолдауы – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне:

      лицензия беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының – 1 жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, лицензиялау басқармасы басшысының – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабы қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болады:

      1) тіркеу нөмірімен және күнімен тіркелген өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болу/болмау фактісін анықтау,

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

      2) орындаушы;

      3) лицензиялау басқармасының басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарастыруға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      лицензияны беру кезінде - 13 жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді - 1 жұмыс күні ішінде;

      4) лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жіберген өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына портал арқылы түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде:

      1) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты. Түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда оның сканерленген көшірмесі өтінішке тіркеледі;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын толтырады;

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші оны өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарауға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттарды алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      лицензияны беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды әзiрлеу,
өндіру, жөндеу және сату
бойынша қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 46/қе бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
2-қосымша

"Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтылығы:

      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің тіркеуі және жауапты орындаушыға түскен күні жолдау;

      2) өтінішті лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) қарауы, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі:

      лицензия беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде.

      3) орындаушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыру және қол қоюға жолдау – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне:

      лицензия беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының – 1 жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасы басшысының – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабы қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болады:

      1) тіркелген өтініш тіркеу нөмірімен және күнімен;

      2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес болуын/болмауын анықтау;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

      2) орындаушы;

      3) лицензиялау басқармасының басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарастыруға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      лицензияны беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде.

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жіберген өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына портал арқылы түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде толтырады:

      1) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпарат. Түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда оның сканерленген көшірмесі өтінішке тіркеледі;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, көрсетілетін қызметті беруші оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарауға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттарды алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      лицензияны беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде.

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарын әзiрлеуге
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
қосымша

"Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 46/қе бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
3-қосымша

"Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтылығы:

      1) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркеуі және жауапты орындаушыға түскен күні жолдау;

      2) өтінішті лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) қарауы, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі:

      лицензия беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде.

      3) орындаушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыру және қол қоюға жолдау – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне:

      лицензия беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының – 1 жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, лицензиялау басқармасы басшысының – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабы қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болады:

      1) тіркелген өтініш тіркеу нөмірімен және күнімен;

      2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес болуын/болмауын анықтау;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

      2) орындаушы;

      3) лицензиялау басқармасының басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарастыруға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      лицензияны беру кезінде – 13 жұмыс күні ішінде.

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 1 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұйымдастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жіберген өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына портал арқылы түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде:

      1) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты. Түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда оның сканерленген көшірмесі өтінішке тіркеледі;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпаратқа қолжетімді болады, көрсетілетін қызметті беруші оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарауға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттарды алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады:

      лицензияны беру кезінде - 13 жұмыс күні ішінде.

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді - 1 жұмыс күні ішінде;

      4) лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұйымдастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Ақпарат таралып кететін
техникалық арналарды және
жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды анықтау
бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 46/қе бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
4-қосымша

"Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:

      1) лицензиялау басқармасы басшысының өтінішті түскен күні қарастыруы және жауапты орындаушыны белгілеуі;

      2) лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) өтінішті қарастыруы, арнайы техникалық құралдың үлгілерін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыруы – 7 жұмыс күні ішінде.

      Арнайы техникалық құралдың үлгілерін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 жұмыс күні ішінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол келесі рәсімді орындауды бастауға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілеу;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) орындаушы;

      2) лицензиялау басқармасының басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, арнайы техникалық құралдардың үлгілерін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады – 7 жұмыс күні ішінде.

      Арнайы техникалық құралдың үлгілерін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде толтырады:

      1) сыртқы сауда келісім (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат туралы ақпарат;

      2) арнайы техникалық құралға техникалық құжаттама;

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті, оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпаратқа қолжетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы өтініш түскен күні соңғының қарауына өтінішті қайта бағыттау арқылы орындаушыны белгілейді,;

      2) орындаушы өтінішті алған сәттен бастап алынған құжаттарды қарайды, арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну туралы хабарламаны қалыптастырады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамына қол қоюға жібереді – 7 жұмыс күні ішінде.

      Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Үшінші елдермен сауда-
саттықта тарифтік емес реттеу
шаралары қолданылатын
ақпаратты жасырын алуға
арналған арнайы техникалық
құралдарды әкелуге, әкетуге
және олардың транзитіне
қорытынды (рұқсат беру
құжаты) беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 46/қе бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
5-қосымша

"Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтылығы:

      1) лицензиялау басқармасы басшысының өтінішті түскен күні қарастыруы және жауапты орындаушыны белгілеуі;

      2) лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі - орындаушы) өтінішті қарастыруы, шифрлау құралының үлгілерін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыруы – 7 жұмыс күні ішінде.

      Шифрлау құралының үлгілерін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 жұмыс күні ішінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол келесі рәсімді орындауды бастауға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілеу;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) орындаушы;

      2) лицензиялау басқармасының басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, шифрлау құралының үлгілерін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады – 7 жұмыс күні ішінде.

      Шифрлау құралының үлгілерін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде:

      1) сыртқы сауда келісім (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат туралы ақпаратты;

      2) шифрлау құралына арналған техникалық құжаттаманы толтырады;

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпаратқа қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы өтініш түскен күні соңғының қарауына өтінішті қайта бағыттау арқылы орындаушыны белгілейді,;

      2) орындаушы өтінішті алған сәттен бастап алынған құжаттарды қарастырады, шифрлау құралының үлгілерін ұсыну туралы хабарламаны қалыптастырады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамына қол қоюға жібереді – 7 жұмыс күні ішінде.

      Шифрлау құралының үлгілерін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Үшінші елдермен сауда-
саттықта
тарифтік емес реттеу шаралары
қолданылатын шифрлау
(криптографиялық) құралдарын
әкелуге, әкетуге және олардың
транзитіне қорытынды (рұқсат
беру құжаты) беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 46/қе бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
6-қосымша

"Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу жөніндегі қорытындыны беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтылығы:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті түскен күні қарастыруы және жауапты орындаушыны белгілеуі;

      2) лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) өтінішті қарастыруы, тауардың үлгісін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыруы:

      4 жұмыс күні ішінде (тауар үлгісін ұсыну қажет болмаған жағдайда);

      тауар үлгісін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда).

      Тауар үлгісін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 жұмыс күні ішінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол келесі рәсімді орындауды бастауға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілеу;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы.

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) орындаушы;

      2) лицензиялау басқармасының басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, тауардың үлгісін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жауабын қалыптастырады:

      4 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болмаған жағдайда);

      тауардың үлгісін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жагдайда);

      Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде:

      1) тауарды жеткізуге келісімідер (келісімшарттар) туралы ақпаратты (болса);

      2) тауарға техникалық құжаттаманы толтырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпаратқа қолжетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, тауардың үлгісін (қажет болған жағдайда) ұсыну туралы хабарламаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жауабын қалыптастырады:

      4 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болмаған жағдайда);

      тауардың үлгісін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 жұмыс күні ішінде (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда);

      Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі тиісті хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Тауарларды ақпаратты
криптографиялық қорғау
құралдарына және жедел
іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 46/қе бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
8-қосымша

"Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтылығы:

      1) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркеуі және жауапты орындаушыға түскен күні жолдауы;

      2) өтінішті лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) қарауы, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруі – 13 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастыруы және қол қоюға жолдау – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне:

      рұқсат беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы – 1 жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушының белгіленген рұқсат беру талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабы қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, ол келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болады:

      1) тіркелген өтініш тіркеу нөмірімен және күнімен;

      2) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру талаптарына сәйкес болуын/болмауын анықтау;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;

      2) орындаушы;

      3) лицензиялау басқармасының басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарастыруға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады – 13 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) рұқсат беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы түрінде графикалық нысанда осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жіберген өтініші көрсетілетін қызметті берушінің қарауына портал арқылы түседі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға сұрау салу үшін порталдан "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, өтініштің бастапқы қадамын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тиісті терезелерде:

      1) техникалық мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіби білімінің барлығын растайтын құжаттарының электрондық көшірмелерін;

      2) рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын толтырады;

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті оған ЭЦҚ қол қоя отырып, сақтайды. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпаратқа қолжетімді болады, көрсетілетін қызметті беруші оны өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

      10. Портал арқылы жүгіну және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар түскен күні алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жауапты орындаушыға қарастыруға жолдайды;

      2) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады, көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады – 13 жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және қол қоюға жібереді – 1 жұмыс күні ішінде;

      4) рұқсат беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиялау басқармасының басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауабына қол қояды – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қалыптастырылған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" автоматты түрде жолданады.

  "Ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарын өткізуге
(оның ішінде өзгеше беруге)
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.