Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өлшемдер
Қабылдау күні
16.07.2019
Өзгерту күні
10.07.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу кәсіпорындары үшін мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасына сараптаманы және мақта талшығы сапасының паспортын беруді жүзеге асыратын сараптамалық ұйымдар үшін мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар үшін мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12654 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 263 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 290 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13932 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға берілуін;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі      С. Омаров

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі      Р. Дәленов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, астық нарығын реттеу саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болмашы бұзушылық - астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астық нарығы саласындағы құжаттаманы дұрыс жүргізбеу бөлігінде бұзу;

      2) елеулі бұзушылық - астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астықты қысқы сақтау жағдайына ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу, технологиялық жабдықтардың сәйкессіздігі, астық нарығы саласындағы ақпарат пен құжаттаманы бермеу бөлігінде бұзу;

      3) объективті өлшемшарттар - бақылау субъектілерін (объектілерін) астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын және жекелеген субъектіге (объектіге) тікелей тәуелді болмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) өрескел бұзушылық - "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды астықтың сандық-сапалық сақталуының нашарлауына, оның ішінде астықтың жоғалу және бүліну фактілеріне, астықты сақтау шарттарының сақталмауына, астық қабылдау кәсіпорындарының олар шығарған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауына алып келуі мүмкін бұзушылықтар бөлігінде бұзу, бақылау субъектілеріне астық нарығындағы қатысушылардан расталған шағымдар мен арыздардың болуы;

      5) субъективті өлшемшарттар - нақты субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      6) субъектілер - астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары), сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар;

      7) тәуекел - бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне мемлекеттік астықтың жоғалуы, кем шығуы, зақымдануы, бүлінуі және сапасының нашарлауы түрінде көрініс тапқан зиян келтіру ықтималдығы.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған) бойынша бөлу мақсатында әзірленген.

      5. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне астық қабылдау кәсіпорындары жатады.

      6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағандарға Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар жатады.

      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары техникалық регламенттің және тексеру парақтарында санамаланған астық нарығын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары негізінде әзірленген, олар өрескел, елеулі, болмашы болып үш дәрежеге бөлінген және осы Өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.

      9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелді бағалау.

      Бақылау субъектілері бойынша ақпаратты талдау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, профилактикалық бақылау;

      2) бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;

      3) бақылау субъектісіне (объектісіне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      10. Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары айқындалады, оларға тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.

      11. Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.

      12. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъектілерге (объектілерге) қойылатын өлшемшарттар өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінген. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған өлшемшарттардың үлес салмағы айқындалады. Егер, өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі талаптардың бұзушылықтары бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі. Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:


Ре = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,7

      мұнда:


Ре - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:


Рб = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,3

      мұнда:


Рб - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 - болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 - анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен анықталады:

Р =

Ре +

Рб

      мұнда:


Р - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Ре - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Рб - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      13. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша субъект (объект) мыналарға жатады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - 61-ден 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайтынға - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      14. Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты субъектіге (объектіге) қатысты бұдан бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабы 3-тармағына сәйкес қалыптасатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері барынша жоғары бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін субъективті бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

Астық қабылдау кәсіпорындары

1. "Алдыңғы тексерулердің нәтижелері және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, профилактикалық бақылау" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде келтірілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

2

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы

өрескел

3

Астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдеу

өрескел

4

Астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдеу

өрескел

5

Астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдеу

өрескел

6

Астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізу

өрескел

7

Астықты сақтауға арналған жария шарттың болуы

елеулі

8

Астық қабылдау кәсіпорындарының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімін (Астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап демалыс және мереке күндерін қоспағанда үш күнтізбелік күннен кешіктірмей астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақтау

елеулі

9

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру қорына не астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы

елеулі

10

Астыққа арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы

елеулі

11

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы

елеулі

12

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы

болмашы

13

Технологиялық жабдықтардың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдықтарының, тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көліктік жабдықтардың, жылжымалы көлік жабдықтарының, белсенді желдету жабдықтарының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтардың ақаусыз жай-күйде болуы

елеулі

14

Өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы

елеулі

15

Жыл сайын жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу

елеулі

16

Пайдалар мен шығындар туралы жылдық теңгерім мен есепті жариялау

елеулі

17

Тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн - жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн - орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы

болмашы

18

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау бекеті) 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем үстіндегі транспортердің әрқайсысына кемінде бір бос сүрлемнің болуы

елеулі

2. "Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша:

1

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты ұсынбау

елеулі

2

Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпаратты ұсынбау

елеулі

3

Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпаратты ұсынбау

елеулі

3. "Бақылау субъектісіне (объектісіне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып табылады:

1

Астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп-жөнелту кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындау бойынша, астық қолхаттарын шығару, олардың айналымы және оларды өтеу бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін әзірленді.

      Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болмашы бұзушылық - мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы құжаттаманы дұрыс жүргізбеу бөлігінде бұзу;

      2) елеулі бұзушылық - мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды шитті мақтаны тазалауды, кептіруді тиісті түрде ресімдемеу, мақта қолхатын беру, өтеу, сақтау мерзімін сақтамау, ақаусыз технологиялық жабдықтардың болмауы, сондай-ақ мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы ақпарат пен құжаттаманы уақытында беру бөлігінде бұзу;

      3) мақта нарығының мониторингі - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      4) объективті өлшемшарттар - мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке субъектіге (объектіге) тікелей тәуелсіз болатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) өрескел бұзушылық - Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібінің негізін құрайтын стратегиялық тауар болып табылатын мақта сапасының нашарлауына, шитті мақтаны және талшықты мақтаны сақтау шарттарының сақталмауына, астық өңдеуші ұйымдарға берілген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді олардың орындамауына алып келуі мүмкін мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      6) субъективті өлшемшарттар - нақты субъектінің (объектінің) қызметі нәтижелеріне қарай субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) субъектілер - шитті мақта мен талшықты мақтаны өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, алғашқы өңдеумен және мақта өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (мақта өңдеу кәсіпорындары);

      8) тәуекел - бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде шитті мақтаны өсіру кезінде, сондай-ақ шитті мақтаны сақтау және өңдеу кезінде туындайтын адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға оның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіру ықтималдылығы.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу объективті өлшемшарттар мен субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары) бөлу мақсатында әзірленді.

      5. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне мақта өңдеуші ұйымдар жатады.

      6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағандарға мына субъектілер жатады:

      1) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын беруді жүзеге асыратын сарапшы ұйымдар;

      2) мақта сапасын сараптамалайтын аккредиттелген ұйымдар.

      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне субъектілерге (объектілерге) қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаларда келтірілген және өрескел, елеулі, болмашы болып үш дәрежеге бөлінген тексеру парақтарында мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы техникалық регламент пен нормативтік құқықтық актілердің талаптары негізінде әзірленген.

      9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады.

      1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелді бағалау.

      Бақылау субъектілері бойынша ақпаратты талдау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бұрынғы тексерулердің нәтижелері және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, профилактикалық бақылау;

      2) бақылау субъектілерінің жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;

      3) бақылау субъектілеріне мақта нарығына қатысушылардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      10. Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары айқындалады, оларға тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.

      11. Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.

      12. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъектілерге (объектілерге) қойылатын өлшемшарттар өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінген. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған өлшемшарттардың үлес салмағы айқындалады. Егер, өрескел бұзушылықтар анықталмаса тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі талаптардың бұзушылықтары бойынша жинақтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:


Ре = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,7

      мұнда:


Ре - елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

Р1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффиценті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:


Рб = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,3

      мұнда:


Рб - болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

Р1 - болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 - анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (P) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша көрсеткіштерін қосу жолымен анықталады:


Р =

Ре +

Рб мұндағы:

Р - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Ре - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Рб - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      13. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша субъект (объект) мыналарға жатады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - 61-ден 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      14. Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты субъектіге (объектіге) қатысты бұдан бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабы 3-тармағына сәйкес қалыптасатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері барынша жоғары бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Мақтаның қауіпсіздігі мен
сапасы саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін субъективті бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

Мақта өңдеу кәсіпорындары

1. "Бұрынғы тексерулердің нәтижелері және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, профилактикалық бақылау" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын кепілдендіру жүйесіне қатысу

өрескел

2

Мақта өңдеу кәсіпорындарына келіп түсетін шитті мақтаны құжаттауды жүргізу

елеулі

3

Шитті мақтаны, мақта талшығын тиеп-жөнелтуде құжаттауды жүргізу

елеулі

4

Мақта өңдеу кәсіпорындарының сандық-сапалық есепке алу кітабының (нөмірленген, тігілген және басшының қолымен бекімделген) болуы

елеулі

5

Мақта қабылдау пунктіне келіп түскен шитті мақтаға тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының болуы

елеулі

6

Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық операцияларын жүзеге асыруға арналған жабдықтардың (таразы, желдеткіш, тиеп-түсіру механизмдерінің) болуы

елеулі

7

Шитті мақтаны өлшеу нәтижелері бойынша шитті мақтаны өлшеп қабылдау журналының болуы

елеулі

8

Мақта қолхаттары тізілімінің болуы

елеулі

9

Шитті мақтаны қабылдауды және мақта қабылдау пунктінен мақта қабылдау зауытына жіберуді салыстырып тексеру актілерінің болуы

елеулі

10

Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп-жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжаттың болуы

елеулі

11

Жылдық қаржылық есептіліктің міндетті жыл сайынғы аудитын өткізу

елеулі

12

Тиеп-жөнелтуге алынған бұйрықтарды есепке алу журналының болуы

болмашы

13

Мақтамен жүргізілген операциялар көрініс тапқан мына құжаттардың сақтау мерзімдерін сақтау:
мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың салмақ журналы - 25 жыл;
шитті мақтаны талдау карточкасы - 25 жыл;
шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналы - 10 жыл;
шитті мақтаны қабылдау туралы түбіртек - 25 жыл;
шитті мақтаның сандық-сапалық есепке алу кітабы - 25 жыл;
шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен қабылдау және мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі - 5 жыл;
шитті мақтаны өңдеуге жіберуге, шитті мақтаны пайдалануға физикалық қалдықтар теңгеріміне өндірістік тапсырма - 10-15 жыл;
өндіріске қабылданған мақта тұқымына рапорт - 5-10 жыл;
өндірістен өңдеу өнімдерінің келіп түсуін есепке алу журналы - 5-10 жыл;
өңдеу және дайын өнімнің келіп түсуі туралы есеп - 10-15 жыл;
шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуге бұйрық - 5-10 жыл;
мақта талшығын теміржол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі - 5-10 жыл;
автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линті және талшықты қалдықтарға арналған жүкқұжаттар тізілімі - 5-10 жыл.

болмашы

14

Шитті мақтаны талдау карточкаларының болуы

болмашы

15

Шитті мақтаны қабылдау туралы түбіршіктердің болуы

болмашы

2. "Бақылау субъектілерінің жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша:

1

Мақта нарығына қатысушыларда шитті мақта мен оның бастапқы өңдеген өнімдерінің болуы және қозғалысы туралы есептілік нысаны бойынша есепті ұсынбау

елеулі

2

Мақта иелеріне мақта қолхаттарын беру туралы есепті ұсынбау

елеулі

3

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша сұранымы бойынша оның қызметіне байланысты ақпаратты ұсынбау

болмашы

3. "Бақылау субъектілеріне мақта нарығына қатысушылардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар мыналар болып табылады:

1

Мақта қабылдау ұйымына келіп түсетін шитті мақта сапасының көрсеткіштерін анықтау бойынша бақылау субъектілеріне, сондай-ақ қаралуы бойынша Қазақстан Республикасының мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері бақылау субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартқан және қаралуы бойынша анықталған Қазақстан Республикасының мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері бақылау субъектісіне нұсқама берген бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      астық қабылдау кәсіпорындары үшін:

      ________________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________

      ________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету





2

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы





3

Астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдеу





4

Астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдеу





5

Астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдеу





6

Астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізу





7

Астықты сақтауға арналған жария шарттың болуы





8

Астық қабылдау кәсіпорындарының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімін (Астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап демалыс және мереке күндерін қоспағанда үш күнтізбелік күннен кешіктірмей астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақтау





9

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру қорына не астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы





10

Астыққа арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы





11

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы





12

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы





13

Технологиялық жабдықтардың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдықтарының, тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көліктік жабдықтардың, жылжымалы көлік жабдықтарының, белсенді желдету жабдықтарының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтардың ақаусыз жай-күйде болуы





14

Өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы





15

Жыл сайын жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу





16

Пайдалар мен шығындар туралы жылдық теңгерім мен есепті жариялау





17

Тиiстi бiлiмi (техникалық басшылар үшiн - жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн - орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы





18

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау бекеті) 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем үстіндегі транспортердің әрқайсысына кемінде бір бос сүрлемнің болуы





      Лауазымды адам (-дар) __________ ______ _____________________________________

                        (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ ______ ______________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      ________________________________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін:

      ________________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру бойынша талаптарды сақтау





2

Астық қабылдау кәсіпорындарын бекітілген кестеге сәйкес жаңа астық түсімін қабылдауға дайындығы мәнісіне жыл сайынғы тексеру;
Астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру актілерін ресімдеуден тұратын талаптарды сақтау





3

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру бойынша талаптарды сақтау





4

Астықтың сандық-сапалық есепке алуын жүргізу бойынша талаптарын сақтау; астықты сақтау талаптарын сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтеу талаптарын сақтау





5

Астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу бойынша талаптарды сақтау





6

Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы арызды сотқа фактілер анықталған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде беру





7

Астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғын және сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру бойынша талаптарды сақтау





8

Астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарламаны фактілер анықталған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде жіберу





      Лауазымды адам (-дар) __________ ______ _____________________________________

                        (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ ______ ______________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      ________________________________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      мақта өңдеу кәсіпорындары үшін:

      ________________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын кепілдендіру жүйесіне қатысу





2

Мақта өңдеу кәсіпорындарына келіп түсетін шитті мақтаны құжаттауды жүргізу





3

Шитті мақтаны, мақта талшығын тиеп-жөнелтуде құжаттауды жүргізу





4

Мақтаны өңдеу кәсіпорындарының сандық-сапалық есепке алу кітабының (нөмірленген, тігілген және басшының қолымен бекімделген) болуы





5

Мақта қабылдау пунктіне келіп түскен шитті мақтаға тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының болуы





6

Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық операцияларын жүзеге асыруға арналған жабдықтардың (таразы, желдеткіш, тиеп-түсіру механизмдерінің) болуы





7

Шитті мақтаны өлшеу нәтижелері бойынша шитті мақтаны өлшеп қабылдау журналының болуы





8

Мақта қолхаттары тізілімінің болуы





9

Шитті мақтаны қабылдауды және мақта қабылдау пунктінен мақта қабылдау зауытына жіберуді салыстырып тексеру актілерінің болуы





10

Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына тиеп-жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжаттың болуы





11

Жылдық қаржылық есептіліктің міндетті жыл сайынғы аудитын өткізу





12

Тиеп-жөнелтуге алынған бұйрықтарды есепке алу журналының болуы





13

Мақтамен жүргізілген операциялар көрініс тапқан мына құжаттардың сақтау мерзімдерін сақтау:
мақта қабылдау пунктінде шитті мақтаны қабылдаудың салмақ журналы - 25 жыл;
шитті мақтаны талдау карточкасы - 25 жыл;
шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналы - 10 жыл;
шитті мақтаны қабылдау туралы түбіртек - 25 жыл;
шитті мақтаның сандық-сапалық есепке алу кітабы - 25 жыл;
шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен қабылдау және мақта тазалау зауытына жөнелтуді салыстырып тексеру актісі - 5 жыл;
шитті мақтаны өңдеуге жіберуге, шитті мақтаны пайдалануға физикалық қалдықтар теңгеріміне өндірістік тапсырма - 10-15 жыл;
өндіріске қабылданған мақта тұқымына рапорт - 5-10 жыл;
өндірістен өңдеу өнімдерінің келіп түсуін есепке алу журналы - 5-10 жыл;
өңдеу және дайын өнімнің келіп түсуі туралы есеп - 10-15 жыл;
шитті мақтаны бастапқы өңдеу өнімдерін тиеп жөнелтуге бұйрық - 5-10 жыл;
мақта талшығын теміржол көлігімен тиеп жөнелту тізілімі - 5-10 жыл;
автомобиль көлігімен тиеп жөнелтілген мақта тұқымы, линті және талшықты қалдықтарға арналған жүкқұжаттар тізілімі - 5-10 жыл.





14

Шитті мақтаны талдау карточкаларының болуы





15

Шитті мақтаны қабылдау туралы түбіршіктердің болуы





      Лауазымды адам (-дар) __________ ______ _____________________________________

                        (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ ______ ______________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      ________________________________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      мақта талшығының сапасына сараптама жүргізетін және мақта талшығының сапа паспортын беруді жүзеге асыратын сараптамалық ұйымдар үшін:

      ________________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Біліктілік талаптарына жауап беретін мақта талшығын классерлік бағалауға арналған меншік құқығындағы үй-жайдың және бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерінің жарақталған жиынтығының болуы





2

Мақта талшығы сынамаларын бумалап іріктеп алуды тіркеу журналын толтыру





3

Мақта талшығы сынамаларын қабылдау журналын толтыру





4

Мақта талшығының сапа паспортының ресімделуі





5

Мақта талшығы сынамаларының сынақтан өткізілгеннен кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп-жөнелткенге дейін, бірақ мақта талшығының сапа паспортының қолданылу мерзімінен асырмай сараптама ұйымының зертханасында сақталуы





      Лауазымды адам (-дар) __________ ______ _____________________________________

                        (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ ______ ______________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      ________________________________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы

      мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар үшін:

      ________________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Сынамаларды іріктеу актілерінің болуы





2

Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналының болуы





3

Шитті мақта сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналының болуы





4

Шитті мақта сапасы туралы куәліктердің ресімделуін жүзеге асыру





5

Шитті мақта сапасы туралы берілген куәліктердің көшірмелерін бір жыл бойы сақтау





6

Тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларын мынадай мерзім ішінде сақтау:
1) тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға - шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің қолданылуы мерзімі ішінде;
2) сапа бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда - келіспеушіліктерді қарау толығымен аяқталғанға дейін





7

Сапа жөнінде келіспеушіліктер кезінде, келіспеушіліктерді қарау толық аяқталғанға дейін тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларының сақталуы





      Лауазымды адам (-дар) __________ ______ _____________________________________

                        (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ ______ ______________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      ________________________________________________________

      (лауазымы)      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.