Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Өзгерту
Өкім
Қабылдау күні
16.07.2019
Өзгерту күні
03.04.2019
Актіні қабылдаған орган
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      БҰҰ Азаптауларға қарсы кіші комитетінің алдын алу жөніндегі кіші комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің қолдауымен:

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін тізбесі бекітілсін.

      2. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Шәкіров

  Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі
уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 5 өкімімен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін тізбесі

      1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкіміне "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8891 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген өкіммен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережесіне:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Үйлестіру кеңесі мүшесінің бейтараптылығына күмән тудыратын жағдай болғанда, ол Үйлестіру кеңесінің мүшелігінен бас тартады. Үйлестіру кеңесінің мүшесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге тиісті хабарлама жіберу арқылы оның құрамынан шыға алады."

      13-тармақ алып тасталсын:

      14-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу туралы есепті адалдығына күмәнданған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы қатысушыларды ұлттық алдын алу тетігі өңірлік топтарының құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды."

      15 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын:

      18-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады."

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Үйлестіру кеңесінің шешімі, егер оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Егер шешім қабылдау кезінде дауыстар тең бөлінсе, отырыста төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған шешім болып саналады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселесі бойынша шешім қатысушылардың 2/3 көпшілігімен қабылданады.".

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген өкіммен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы ережесіне:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтінішке қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

      3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

      5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);

      6) барлық республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, соттылығының жоқтығы туралы оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген анықтама;

      7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      9) тұрғылықты жерінен анықтама;

      10) үй, жұмыс және ұялы телефондарын, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайын көрсете отырып, жеке парақ;

      11) электрондық форматта 3 х 4 фотосурет.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы туралы шешімі қабылданады."

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Үміткерлер арасынан ҰАТ құрамы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Өкілеттілігі тоқтатылған ҰАТҚ алдағы мерзімге ҰАТҚ құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 5) - 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

      "19. ҰАТ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа ҰАТ сайлау Үйлестіру кеңесінің шешімімен ағымдағы мерзімге ҰАТ іріктеуде бұрын мәлімделген кандидаттар қатарынан жүргізіледі.".

      3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 21 өкіміне "Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8893 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген өкіммен бекітілген Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы ережесіне:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ҰАТ топтарын қалыптастыру алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін ҰАТ топтарының басшылары мен мүшелерінің жеке деректерін көрсете отырып, екі жылдық мерзімге жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ҰАТ тобының басшысын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімі бойынша Үйлестіру кеңесі тағайындайды.".

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.