"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
19.07.2019
Өзгерту күні
12.07.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 болып тіркелген, газетінің 2014 жылғы 8 наурыздағы "Казахстанская правда" № 47 (27668) газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды темір жол өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылаушы органның лауазымды тұлғасы поезд бастығын және теміржол станциясы бойынша кезекшіні, кейіннен поезд бастығына кідіріс актісінің берілуімен, кідірістің себептері мен болжанатын ұзақтығы туралы хабардар етеді, сондай-ақ поездық бригадалар қызметкерлерінің тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда рейстік журналға тиісті жазба жазады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануы және енгізу үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. А. Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      2019 жылғы "___" ______

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "___" _____

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.