"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
12.08.2019
Өзгерту күні
01.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді";

      Өтініштерді қабылдау:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші";

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады";

      Нәтижесін беру:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші";

      "2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтарға ақысыз негізде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында санамаланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгіне алмайды.

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) қөрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді";.

      "Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы";

      "Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар"";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде";

      2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында.";

      "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Дайын құжаттарды қабылдау және беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша ресімделген күнінен бастап жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен қызмет көрсетіледі.

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      8. Жұмыс кестесі:

      "1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.";

      2) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы беріледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар"";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;

      2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына (М. Қожаевқа) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.