Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Әдістеме
Қабылдау күні
15.08.2019
Өзгерту күні
12.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ҚР Президентінің 26.12.2018 ж. N 806 Жарлығымен құрылды)

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 136 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13380 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 26 сәуірде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 637 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау осы әдісетемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылдың 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 19)-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған.

      2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен жүргізіледі.

      3. Заңның 39-бабы 4) тармақшасына сәйкес бағалау жыл сайын есептік (күнтізбелік) жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңадан құрылған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша, бағалау оның құрылған сәтінен бастап арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың нақты жұмыс істеу кезеңі ішінде және есептік (күнтізбелік) жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      4. Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниясы жыл сайын, индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы тоқсан сайын, есептік (жылдан) тоқсаннан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей, еркін үлгіде, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясымен есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген) бекітілген деректерді міндетті түрде көрсете отырып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті (бұдан әрі – есептік ақпарат) жібереді.

      5. Бағалау үшін ақпарат көзі арнайы экономикалық және (немесе) индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының электрондык және қағаз тасығышта ұсынылатын есептік ақпараты болып табылады.

      Көрсетілген бағалау нәтижесі болып арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келісуімен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен бекітілген арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жоспарында және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының келісуімен индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясымен бекітілген республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды дамыту жоспарында қарастырылған, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторымен, нысаналы индикаторға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейімен көзделген болжамды және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау болып табылады.

2-тарау. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу

      6. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша әрбір арнайы экономикалық және индустриялық аймақ бойынша жеке жүзеге асырылады:

      1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу;

      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары қызметінің тиімділігі;

      3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметінің ол құрылған аумақтағы әсері өңірдің (облыстың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың) әлеуметтік-экономикалық дамуына;

      4) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басқару тиімділігі.

      7. Осы Әдістеменің 6-тармағымен айқындалған әрбір өлшемшарт бойынша осы Әдістеменің 12 және 13-тармақтарына сәйкес тиісті баллдары қойылады.

      Әрбір өлшемшарттың (кіші өлшемшарт) қорытынды мәні пайыздық көрікістегі көрсеткіштердің орташа мәні ретінде айқындалады.

      8. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу тиімділігі" өлшемшартын бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер ескеріледі:

      1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларының, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарта отырып арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды іске асыратын, акционерлер (қатысушылар) және қатысушылар құрамында шетелдік инвесторлардың қатысуымен қатысушылар саны (болжам/нақты);

      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушысы құрған жұмыс орындарының саны (болжам/нақты) (уақытша жұмыс орындары/тұрақты жұмыс орындары);

      3) инвестициялар көлемі, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес арнайы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен жүзеге асырылған капиталдық салымдар (жоспар/нақты);

      4) қосылған құн салығын, акциздерді (салық салудың жалпы жүйесін пайдаланатын қатысушылардың бухгалтерлік есептілігінің табыстары мен шығындары туралы есебіне сәйкес) және (немесе) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды іске асыру нәтижесінде қатысушылар алған кірісетінің сомасын (салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолдан, қатысушының салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолдануымен байланысты төленетін, салық бойынша салық декларациясына сәйкес) есептемегендегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыс көлемі (болжам/нақты);

      5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инженерлік, көліктік, әлеуметтік, инновациялық және өзге де инфрақұрылым объектілерін құруды қаржыландыру мақсатында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының жарғылық капиталына жеке инвестициялар көлемі;

      6) Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің барлық бюджет деңгейіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары төлеген салық көлемі (болжам/нақты);

      7) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары төлеген кедендік төлемдер көлемі;

      8) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында құрылған және пайдалануға енгізілген инженерлік инфрақұрылым объектілерінің саны (жоспар/нақты) және олардың жобалық қуаттылығы;

      9) инфрақұрылым құрылысына салынған бюджеттік инвестициялар (республикалық, жергілікті бюджет қаражаты) көлемі (болжам/нақты).

      Осы тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген әрбір көрсеткішті орындау үлесі мынадай формула бойынша есептелінеді:



      мұнда:

      Р көрсеткіш(%) - көрсеткішті орындау үлесі;

      Р нақты (игерілген) - көрсеткішті орындаудың нақты мәні;

      Р жоспар (болжам, бөлінген) - көрсеткіштің жалпы мәні.

      9. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары қызметінің тиімділігі" өлшемшартын бағалау осы Әдістеменің 8-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген көрсеткіштерге сүйене отырып жүргізіледі.

      Әрбір өлшемшарттың (кіші өлшемшарттың) қорытынды мәні пайыздық көріністегі көрсеткіштердің орташа мәні ретінде анықталады:



      мұнда:

      С орташа есеп - көрсеткіштің орташа мәні;

      Pі - тиісті өлшемшарттар шеңберінде әрбір көрсеткіштің үлесі;

      Bі - 15-тармаққа сәйкес болжамды-жоспарлық көрсеткіштерге нақты қол жеткізу бойынша тиісті балл.

      10. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары қызметінің тиімділігі" өлшемшарты өзіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі түрлерінің тиімділігі кіші өлшемшарттарын қамтиды.

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі түрінің тиімділігі кіші өлшемшарттары өңдеуші өнеркәсіп саласындағы және көлік-логистика саласындағы қызмет түрлеріне бөлінетін, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызмет түрлеріне сүйене отырып есептеледі.

      11. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлері үшін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі түрлерінің тиімділігі кіші өлшемшарттары мынадай көрсеткіштерден тұрады:

      1) өндірілген өнімнің жалпы көлемінде экспортталатын өнім үлесі мынадай формуламен есептеледі:



      мұнда:


эксп. өнім (%) - өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары өндірілген пайызбен алғандағы экспортталатын өнімінің үлесі;

      Р эксп. өнім - экспортталатын өнімнің ақшалай көріністегі нақты мәні;

      Р жалпы көлемі - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің жалпы көлемі;

      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналастырылған, өндірістердің жалпы көлеміндегі экономиканың жоғары технологиялық секторына жататын өңдеуші өнеркәсіп үлесі мынадай формула бойынша есептелінеді:



      мұнда:


өнерк. өндіріс.(%) - өңдеуші өнеркәсіп саласындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналастырылған өндірістердің жалпы көлеміндегі, экономиканың жоғары технологиялық секторына жататын өңдеуші өнеркәсіп үлесі;

      Р жтс - жоғары технологиялық секторға жататын өңдеуші өнеркәсіптің нақты саны;

      Р жалпы көлемі - өңдеуші өнеркәсіп саласындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналастырылған өндірістің жалпы саны;

      3) кәсіпорындардың жалпы санындағы технологиялық инновацияны жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлес салмағы (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жүзеге асыратын қатысушылар) мынадай формуламен есептелінеді:



      мұнда:


үлес салмағы (%) - кәсіпорындардың жалпы санындаға, технологиялық инновацияны жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлес салмағы;

      Ртик - технологиялық инновацияны жүзеге асыратын кәсіпорындардың нақты саны;

      Р жалпы көлемі - кәсіпорындардың жалпы саны.

      12. Көліктік-логистика саласындағы қызмет түрі үшін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі түрлерінің тиімділігі кіші өлшемшарты мынадай көрсеткіштерге сүйене отырып есептелінеді:

      1) мынадай формула бойынша есептелінетін тауар айналымының жалпы көлеміндей экспорттың үлесі:



      мұнда:


экс (%) - тауар айналымының жалпы көлеміндегі экспорт үлесі;

      Р экс. өнім - экспорттық өнімнің ақшалай көріністегі нақты көлемі;

      Р жалпы көлемі - тауар айналымының ақшалай көріністегі жалпы көлемі;

      2) мынадай формула бойынша есептелінетін тауар айналымының жалпы көлеміндегі импорттың үлесі:



      мұнда:


имп. (%) - жалпы көлеміндегі тауар айналымының импорттық үлесі;

      Р имп. өнім - өнім импортының нақты саны;

      Р жалпы көлемі - тауар айналымының жалпы көлемі.

      13. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметінің ол құрылған аумақтан өңірдің (облыстың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың) әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері" өлшемшарты мыналар ретінде анықталады:

      1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтан әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды қалалардың, астананың) еңбекке қабілетті тұрғындар санына осы Әдістеменің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштерге қатынасы (есептеу үшін тиісті бағалау жылының 31 желтоқсанындағы жай-күй бойынша көрсеткіштің мәні пайдаланылады).

      Көрсеткіштің қорытынды мәні мынадай формула бойынша есептелінетін пайызда көрсетілуі мүмкін:



      мұнда:


- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақта, әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың) еңбекке қабілетті тұрғындар санына осы Әдістеменің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы ;

      Р 1 - осы Әдістеменің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;

      Р 2 - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтағы, әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың) еңбекке қабылетті тұрғындар санының көрсеткіші;

      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтағы әкімшілік бірліктің жалпы өңірлік өнімі көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштың қатынасы (есептеу үшін көрсеткіштердің жылдық мәні пайдаланылады; көрсеткіштердің қорытынды мәндері пайызбен көрсетіледі) мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтағы әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың) жалпы өңірлік өнімі көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы;

      Р 3 - қосылған құн салығын, акциздерді (салық салудың жалпы жалпы жүйесін пайдаланатын қатысушылардың бухгалтерлік есептілігінің табыстары мен шығындары туралы есебіне сәйкес) және (немесе) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды іске асыру нәтижесінде қатысушылар алған кірістің сомасын (салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолданған, қатысушының салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолдануымен байланысты төленетін, салық бойынша салық декларациясына сәйкес) есептемегенде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыс көлемі (болжам/нақты);

      Р 4 - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құрылған аумақтарда әкімшілік-аумақтық бірліктің жалпы өңірлік өнімі көлемі;

      3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтағы әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің барлық денгейіндегі бюджеттеріне төлеген салық көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы (көрсеткіштің қорытынды мәні пайызбен көрсетілуі мүмкін) ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


– арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтағы әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттеріне төлеген салық көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы;

      Р 5 - осы Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;

      Р 6 - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылған аумақтағы әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттеріне төлеген салық көлемінің көрсеткіші.

      14. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының басқару тіимділігі" өлшемшарты:

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың болжамды және жоспарлы көрсеткіштеріне осы Әдістеменің 8-тармағының 1) және 8) тармақшаларында көзделген көрсеткіштердің қатынасы ретінде анықталады;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жалпы алаңындағы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларының меншігіндегі және (немесе) жалға берілетін жер учаскелерінің сомалық алаңының үлесі мынадай формула бойынша есептеледі;



      мұнда:

      Р көрсеткіш (%) - көрсеткішті орындау үлесі;

      Р нақты (жалға алу, меншік) - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларының меншігіндегі және (немесе) жалға берілетін учаскелердің нақты мәні;

      Р жоспар (болжам, бөлінген) - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан жер учаскелерінің жалпы алаңы;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларының шарттық міндеттемелерімен мәлімделген және расталған, көрсетілген объектілер санында пайдалануға енгізілген, құрылған немесе құрылып жатқан инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, су бұрғыштармен қамтамасыз ету үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Р көрсеткіш (%) - көрсеткішті орындау үлесі;

      Р нақты (пайдалануға енгізу) - пайдалануға енгізілген инженерлік инфрақұрылым объектілерінің нақты саны;

      Р жоспар (мәлімделген) - пайдалануға енгізуге мәлімделген инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны.

      15. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметінің тиімділігін бағалау осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес әрбір өлшемшарт бойынша арнайы экономикалық аймақтың болжамды және жоспарлы көрсеткіштерін орындауды есепке ала отырып, жүзеге жүргізіледі.

      16. Жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен бағалау жүргізілетін есептік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет ресурсында орналастырылады.

  Арнайы экономикалық
және индустриялық аймақтар
қызметінің тиімділігін
бағалау әдістемесіне
қосымша

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің көрсеткішін бағалау үшін мәндердін бес баллдық мән жүйесі қолданылады:

      5 балл – жоспарлы көрсеткіштерге 90 пайыздан астам қол жеткізілген кезде;

      4 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 71-90 пайызға қол жеткізілген кезде;

      3 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 51-70 пайызға қол жеткізілген кезде;

      2 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 36-50 пайызға қол жеткізілген кезде;

      1 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 35 пайыздан төмен орындаған жағдайда;

      0 балл – жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілген кезде.

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың болжамды-жоспарлы көрсеткіштеріне (өлшемшарттарына) нақты қол жеткізу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің сомалық көрсеткішінің қорытынды мәні орта есептік мән ретінде айқындалады.

      Алынған орта есептік мән негізінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызмет етіп бастаған кезеңі және есептік кезең ішіндегі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігіне мынадай өлшемшарттарды пайдалана отырып бағалау жүргізіледі:

      5-тен 4-ке дейінгі балл - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін көрсететін мән;

      4-тен 3-ке дейінгі балл - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің жеткілікті тиімділігін көрсететін мән;

      3-тен 2-ге дейінгі балл - жекелеген бағыттар бойынша жетілдіру қажеттілігімен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің шартты-тиімділігін көрсететін мән;

      2-ден 1-ге дейінгі балл – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметі тиімділігінің төмен деңгейін көрсететін мән;

      1 баллдан төмен – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімсіздігін көрсететін мән.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.