Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Әдістеме
Қабылдау күні
29.08.2019
Өзгерту күні
29.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (ҚР Президентінің 25.02.2019 ж. N 848 Жарлығымен құрылды)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 1) тармақшасының жиырма бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 199 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15174 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда электрондық түрде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 313 бұйрығымен
бекітілген

Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген) Республикалық деңгейде мемлекет ақпарат саясатын жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтерінің құнын айқындайды.

      2. Әдістеме республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру шеңберінде ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және олардың бұқаралық ақпарат құралдарында (газеттер, журналдар, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар) орналастыру құнын айқындаудың тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленді.

      3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-талдамалық бағдарлама – аудиторияға қоғамдық маңызы бар қызығушылық тудыратын, белгілі бір уақыт аралығында болған оқиғаларды жалпылама, жүйелендірілген ақпарат және талдау ұсынылған теле-, радиобағдарламаның форматы;

      2) ақпараттық бағдарлама – телерадиокомпаниялар мерзімді тарататын және ағымдағы оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты қамтитын теле-, радиобағдарлама форматы;

      3) аудиоролик – радиоарнада жаңғыртылатын уакыт бойынша қысқа мерзімді ақпараттық хабарлар, ақпараттық, жарнамалық немесе әлеуметтік мазмұнды;

      4) әзіл-оспақ бағдарламасы – әзіл-оспақ жанрының теле-, радиобағдарламасы (скетчтер, әзілдер, берілген тақырыптарға диалогтар, музыкалық пародиялар);

      5) бейнеролик – теледидарда жаңғыртылатын ақпараттық, жарнамалық немесе әлеуметтік мазмұндағы кадрлардың уақыты бойынша қысқа көркем дәйектілігі;

      6) музыкалық бағдарлама – музыкалық бағыттар, үрдістер және тұлғалар туралы ойын-сауық және/немесе танымдық теле-, радиобағдарлама;

      7) ойын-сауық шоу – музыкалық және/немесе әзіл - сықақ бағыттағы интерактивті теле-, радиобағдарлама ойын-сауық сипатында болады, ойын, конкурстар, викториналар және ұтыс ойын элементтері болуы мүмкін;

      8) реалити-шоу – ойын-сауық бағдарламасы, онда сюжет адам тобының (немесе топтарының) өмірге жақын жағдайдағы іс - әрекеттерін көрсету болып табылады;

      9) сериал – екі және одан да көп эпизодтан (сериядан) тұратын бірнеше сюжеттік желісі бар көркем және/немесе деректі экрандық не радио туындысы, хронометражы 20-дан 60 минутқа дейін;

      10) телевизиялық бағдарлама – ток-шоу, тележурнал, музыкалық бағдарламалар, ақпараттық-танымдық бағдарламалар, белгілі тақырыптағы деректі фильмдерге жататын телевизиялық жанрлардың барлық түрлері;

      11) ток-шоу – теле-, радиобағдарлама, оның барысында берілген тақырыпқа жетекші/спикерлер, қонақтар мен көрермендер/радио тыңдаушылар арасында еркін пікір алмасу болады.

      4. Республикалық бюджет есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру шеңберінде (бұдан әрі - Қызмет) ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру құны осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпаратттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.

      5. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша Қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;

      Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;

      V – см2 саналатын, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін–1,3;

      100 000 данаға дейін–1,15;

      50 000 данаға дейін–1;

      30 000 данаға дейін–0,9;

      20 000 данаға дейін–0,8;

      10 000 данаға дейін–0,65;

      5 000 данаға дейін–0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;

      Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;

      V – см2 саналатын, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін–1,2;

      10 000 данаға дейін–1,1;

      8 000 данаға дейін–1;

      5 000 данаға дейін–0,9;

      3 000 данаға дейін–0,8;

      1 000 данаға дейін–0,7.

      6. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша Қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын, ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

      V – символмен саналатын, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсты қолданушының орташа айлық санын есептеу үшін түзету коэффиценті:

      айына 500 000 қолданушыға дейін–1;

      айына 1 000 000 қолданушыға дейін–1,1;

      айына 2 000 000 қолданушыға дейін–1,2;

      айына 5 000 000 қолданушыға дейін–1,3;

      айына 5 000 000 қолданушыдан жоғары–1,4.

      7. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды теледидарда орналастыру бойынша Қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды теледидарда орналастыру құны;

      Btv – теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секундына, минутына, сериясына базалық баға;

      V – секундпен, минутпен, сериялармен саналатын теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

      8. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді дайындау (даярлау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша Қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

      Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минутына, радиоарнада аудиороликтің бір секундына базалық бағасы;

      V – минутпен саналатын, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

  Республикалық бюджет есебінен
бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
үшін сатып алынатын
қызметтердің құнын айқындау
әдістемесіне қосымша

Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

2017 жыл (теңге)

2018 жыл (теңге)

2019 және алдағы жылдар (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Газетте ақпараттық материалдарды орналастыру (Bn)

см2

184

292

400

2.

Журналда ақпараттық материалдарды орналастыру (Bm)

см2

153

216

280

3.

Интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру (Bi)

символ

18

28

38

4.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минут

39500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

5.

Ток шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минут

46250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

6.

Ойын сауық шоуын әзірлеу және орналастыру (музыкалық, әзіл бағдарламалары) (Btv)

минут

85000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

7.

Реалити-шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минут

72500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

8.

Телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минут

60 812* (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

9.

Деректі фильмдерді әзірлеу (Btv)

минут

187 500

10.

Бейнероликті әзірлеу (Btv)

секунд

22 000

11.

Сериалды әзірлеу(Btv)

серия

4 370 000

6 180 000

8 000 000

12.

Радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Br)

минут

7 000

13 000

20 000

13.

Радиоарнада аудиороликті әзірлеу және орналастыру (Br)

секунд

580

      Ескертпе:

      * Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде жанрлар бойынша теледидарлық бағдарламаларды бөлу ескерілмесе, онда теледидарлық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру құны базалық болады (Btv).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.