"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Нормативтік қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
04.09.2019
Өзгерту күні
29.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Годунова

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№10-НҚ нормативтік қаулысына
қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
5-қосымша

750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына және 24-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларының (алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауды қоспағанда), мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

      3. Стандарттың мақсаты сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің және мемлекеттік аудиторлардың, сондай-ақ мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың іс-қимылдарының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12557 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларының мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдік талаптарға қойылатын бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

      5. Мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының сапасын бақылау деп мемлекеттік аудиторлардың, мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде Қағидаларда айқындалған тәртіппен және (немесе) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) тәртіппен сараптамалық-талдау іс-шарасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауын тексеру түсініледі.

2-тарау. Сапа бақылауын ұйымдастыру

      6. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары құжаттарды Қағидаларда айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне тұрақты түрде тексеру жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      7. Сапа бақылауын құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      8. Сапа бақылауын жүргізуге сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының осы мемлекеттік аудитке және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасына қатыспаған, мемлекеттік аудитке тәуелсіз баға ұсынатын мемлекеттік аудиторлары тартылуы мүмкін.

      9. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының аудиторлық және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің және мемлекеттік аудиторлар топтарының басшылары өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының сапасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      10. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері мемлекеттік аудит және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының материалдарына талдау жасайды, сараптама жүргізеді және олардың нәтижелеріне объективті баға береді.

      11. Сапа бақылауына сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдері, сондай-ақ мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары (материалдары) жатқызылады.

      12. Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сапа бақылауы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары айқындайтын өлшемшарттар негізінде дайындық жүргізуден бастап, толық іске асырылуына дейінгі мемлекеттік аудит және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының материалдарын тексеруді білдіреді.

      13. Сапа бақылауының қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды әзірленеді, ол сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының аудиторлық іс-шараны және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыру және жүзеге асыруға жауапты мүшесіне және мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      Сараптамалық қорытындыда сапа бақылауы өлшемшарттарының бөлінісінде ережелері бұзылған құжаттарға, нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тармақтарына сілтеме жасала отырып, нақты фактілерді көрсету арқылы бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің анықталған фактілері, сондай-ақ сапа бақылауының нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетіледі.

      14. Мемлекеттік аудит материалдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық есептеріне, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне шыға отырып, олар жүргізген мемлекеттік аудиттің жекелеген бағыттарына қайта тексеру жүргізудің қажеттілігін айқындайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.