"Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
17.09.2019
Өзгерту күні
13.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 16-20 (27959) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметінің айрықша түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары жыл сайын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қосымша жариялайды.".

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Касенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 156 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1."Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 659-664 (27736) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10208 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 279 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14738 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.