"Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
18.09.2019
Өзгерту күні
13.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Заң газеті" газетінде № 163 (2538) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартында:

      3-тараудың 6-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Қаржы активтерін тануды тоқтату және қалпына келтіру";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қор осы қаржы активін тануды тоқтатқаннан кейін қорға қаржы активі бойынша ақша ағындарының түсімдері бухгалтерлік есепте кірістер ретінде тануға жатады.

      Егер қаржы активін тану қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен тоқтатылса, осы қаржы активі бойынша ақша түсімі қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістерге жатқызылады.

      Танылуы тоқтатылған, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қалпына келтіру кірістер есебінен Бағалау қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз баға негізінде жүзеге асырылады.

      Танылуы тоқтатылған, амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен қалпына келтіру қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер есебінен Бағалау қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз баға негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.