"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Өзгерту
Қабылдау күні
18.09.2019
Өзгерту күні
13.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 12-қосымшаға сәйкес бекітілген "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және жарияланған акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Портал жұмысының кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.";

      9-тармақтың бірінші абзацы және бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтініш;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), сондай-ақ бірінші бөлігінің 5) тармақшасында және екінші бөлігінде (мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар өтінішті беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішке қоса беріледі және көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекетттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      көрсетілген қаулыға 13-қосымшаға сәйкес бекітілген "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік тіркеу кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарламаны 10 (он) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті алушы бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады;

      көрсетілетін қызметті беруші қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті беруші айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан кем емес облигациялар шығарылымын құжаттарды мемлекеттік тіркеуге алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;

      облигациялық бағдарламаның шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;

      облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 20 және 21-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Портал жұмысының кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.";

      9-тармақтың бірінші абзацы және бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтініш;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында, 11-тармағының үшінші бөлігінде, 12-тармағының, 16-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 9-тармағының 3) тармақшасында (мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар өтінішті беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішке қоса беріледі және көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекетттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.".

      2. Тәуекелдер департаменті (Ізбасаров А.Ө.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті-Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.