"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
24.09.2019
Өзгерту күні
16.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      Өтініштерді қабылдау:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші";

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады";

      Нәтижесін беру:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші";

      "2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері" арқылы жүзеге асырылады";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:

      1) қалалық (аудандық) ішкі істер органдары көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – ПД КҚҚБ);

      3) Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД), ҚАІІО бастығы, бастықтың орынбасары не материалды қарау орны бойынша.";

      12-тармақ алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:

      Көрсетілетін қызметті алушы;

      Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері;

      Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері;

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.";

      1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы";

      7-тармақ алып тасталсын:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1-қосымша және 1-1-қосымшада келтірілген.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің нің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.";

      2-қосымшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.";

      2-қосымшасының орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 799 бұйрығына
1-қосымша
  "Шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

      1-кесте

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

2

ҚФБ атауы

ІІО, Мемлекеттік корпорация

ІІО, Мемлекеттік корпорация

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚҚҚ-ға жолдау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналға тіркеу және алғаны туралы талон беру

Ілеспе хат

5

Орындау мерзімі

30 минут

3 күн

      1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

3

4

5

6

2

КҚПБ

ҰҚКД

ҚСжАЕАКБ

КҚҚБ

3

ҰҚКД-де "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" және ҚСжАЕАКБ кіші жүйесінде тексеру

материалдарды келісу

Өтініш берушіні арнайы есептер бойынша тексеру

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау

4

Сұрау салуды жолдау

КҚҚБ-ге "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесінде жауап беру

КҚҚБ-ға жауап

Дәлелді қорытынды

5

3 күн

30 күн

15 күн

7 күн

      1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

7

8

9

10

2

ІІД басшылығы

КҚҚБ

ІІО

ІІО

3

Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы қорытындыны бекіту

Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлама.
Теріс шешілген кезде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беріледі/не рұқсат беруден бас тартылады

Тіркеу есебіне қою

4

Қорытындыны бекіту

Өтініш берушіге хабарлау

Рұқсат беру

"Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу

5

10 күн

3 күн

10 минут

10 минут

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 799 бұйрығына
2-қосымша
  "Азаматтығы жоқ адамдарға
куәліктер және
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
тұруына ықтиярхат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс- қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

ҚФБ атауы

Мемлекеттік корпорация

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру
Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру,қызметті алушының қолтаңбасын қою.
Қағаз формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қол қою.

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу
Қызметті алушыға талон немесе құжаттың қабылдануы туралы қолхат беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

      Кестенің жалғасы

1

2

3

4

2

Мемлекеттік корпорация

КҚҚБ

КҚҚК

3

ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚҚБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі.
Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ШҚТ ТП "жұмыс орнының" коды арқылы беріледі.

Арызды тіркеу және жауапты орындаушыға беру

Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚҚК-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта).
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ШҚТ ТП орталық торабына (КҚҚК) жіберіледі.

КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚҚБ-данкеліп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу(қағаз тасымалдағышта)

Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру

4

Тізілім

Кіріс тіркеу нөмірі

Жиынтық тізілім

Кіріс тіркеу нөмірі

Жиынтық тізілімді өз қолымен растау

5

1 жұмыс күн

30 мин

2 жұмыс күн

30 минут

3 жұмыс күн

      Кестенің жалғасы

4

5

6

7


"АӨО" РМК

КҚҚК

КҚҚБ

Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге "АӨО" РМК-ға жіберу

Формулярлармен бірге келіп түскен тізілімдерді тіркеу

Құжаттарды дайындау, оларды формулярлар-мен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің бір данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге ҚАІІб-ға жіберу

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша ҚАІІб-ға жіберу

4

Ілеспе хат

Кіріс тіркеу нөмірі

Дайын құжаттар

ТізілімдіКҚҚБ-ға жөнелтуге жіберу

Ілеспе хат

5

2 жұмыс күн

30 мин

3 жұмыс күн

1 жұмыс күн

1 жұмыс күн

      Кестенің жалғасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

9

2

ҚАІІб, Мемлекеттік корпорация

3

Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру

4

Ілеспе тізілім

5

10 минут

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 799 бұйрығына
3-қосымша
  "Азаматтығы жоқ адамдарға
куәліктер және
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
тұруына ықтиярхат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-1-қосымша

Жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс- қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы

Мемлекеттік корпорация

Мемлекеттік корпорация

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру

Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, фотоға түсіру, ЭЦҚ растау.
Қағаз формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қол қою

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу

Қызметті алушыға өтінімді электрондық тіркеу талонын беру.
Қызметті алушыға формулярдың түбіртегін беру (қағаз формулярда)

5

Орындау мерзімдері

30 минут

30 минут

      кестенің жалғасы

1

3

4

5

2

Мемлекеттік корпорация

КҚҚБ

КҚҚҚ

3

Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ШҚТ ТП "жұмыс орнының" коды арқылы беріледі.

Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ШҚТ ТП орталық торабына (КҚҚК) жіберіледі.

Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр "АӨО" РМК-ға жіберіледі

4

Тізілім

Жиынтық тізілім


5

1 күн

1 күн

1 жұмыс күн

      кестенің жалғасы

1

6

7

2

"АӨО" РМК

КҚҚК

3

Құжаттар дайындау, оларды дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін тіркеу, тізілімді жіберуге қалыптастыру

4

Дайын құжаттар

Жөнелтуге тізілім

5

4 күн

1 күн

     

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.